12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Пробация» жедел- алдын алу шаралары

Солтүстік Қазақсатн облысында 2022 жылдың наурыз айының 14-інен бастап наурыз айының 23- шіне дейін «Пробация» атты жедел- алдын алу шаралары жүргізілуде. Осыған орай СҚО бойынша ҚАЖД Ғ. Мүсірепов ат. аудандық Пробация қызмет бөлімімен жергілікті полиция қызмет бөлімімен бірге пробация есебінде тұратын сотталғандардың мекен-жайлары және жұмыс орындары тексерілді.

Тексеріс барысында сотталғандармен және оларға оң тәрбие беретін туыстарымен тәрбиелік- алдын алу әңгімелесулері жүргізілді. Сотталғандарды мекен-жайлары бойынша тексеру барысында олардың қазіргі уақытта тұрып жатқан тіркеу орындары және тұрып жатқан үйлерінің сәйкестігі тексерілді.

Сотталғандарды тұрғылықты мекен- жайлары мен жұмыс орындары бойынша тексеру кезінде жаңа қылмыс жасауға және жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзуға бейім сотталғандарға аса назар аударылды. Бұл іс- шараларды пробация қызметінің қызметкерлері қолданыстағы Қылмыстық-атқару заңнамасының қағидаларын қатаң сақтай отырып өткізіледі.

СҚО бойынша ҚАЖД
Ғ. Мүсірепов ат. аудандық ПҚБ
аға инспекторы
әділет майоры С.Қ. Жетпісова

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...

В области Абай ветеран УИС отметил 90-летний юбилей

В области Абай ветеран уголовно-исполнительной системы Андрейцев Владимир Лукич...