12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Лукашенко ұлықтау рәсімі неге жасырын өткенін айтты

Беларусь президенті Александр Лукашенко ұлықтау рәсімі депутаттар отырған автобусқа қарсы «Молотов коктейлімен» арандату туралы ақпаратқа байланысты жасырын өткенін мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости.

«Бір күн бұрын комитет төрағасы келді. Үстелге құжат қойып, депутаттарға қарсы арандату ұйымдастырылып жатқанын айтты. Олар ұлықтау рәсімі болатынын және депутаттар автобуста болатынын білді. Терезені сындырып, автобусқа Молотов коктейлін тастағысы келді», — деді Лукашенко жұмада Минскіде студенттермен кездесу кезінде. Президенттің айтқанын оның баспасөз қызметіне жақын «Пул Первого» Тelegram-каналы жазды.

«Ұлықтау рәсімі туралы ешкім айтпас еді. Барлығы сол жерде депутаттарды өртеді деп айтатын еді. Сонда менің не істеуім керек еді?! Қолымнан келгенін ғана істедім», — деп толықтырды Лукашенко.

Айта кетейік, Белта мемлекеттік агенттігі күтпеген жерден 23 қыркүйекте алдын-ала хабарландырусыз Лукашенконың Беларусь президенті қызметіне кіріскенін, ұлықтау рәсімі Тәуелсіздік сарайында өткенін хабарлады. Ұлықтау рәсімінің телетрансляциясы да жүргізілген жоқ.

2020 жылдың 9 тамызында Белорусте өткен президент сайлауынан кейін, ОСК мәліметтері бойынша 80,1 пайыз дауыс жинаған Александр Лукашенко алтыншы рет жеңіске жетті. Сайлау нәтижесі белгілі болғаннан кейін елде жаппай тәртіпсіздіктер мен оппозицияның наразылық акциялары басталды.

В КазНУ прошли академические слушания с участием депутатов Парламента

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания,...

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға...

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...