12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әйелің ұл туып бере алмаса, тоқал ал — Журналист

Гүлім Ерманқызы — 3 қыздың анасы. Күйеуімен отасқанына 18 жыл болды. Төртінші қызына жүкті. Алайда ұл туып бермегені үшін ажырасу тақырыбын отбасында жиі талқылап жүргенін айтады. Екеуара мәселені шеше алмаған әйел көпшіліктен көмек сұрайды.

Бұл туралы «Неке сыры» бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

«Жолдасым екеуміз 18 жыл бірге тұрдық. Менің үш қызым бар. Тағы төртінші қызыма аяғым ауыр. Жолдасым үш қыздан соң маған ренжи бастады. Маған ұл керек дейтін болды. Төртінші қызымды алдырып таста деді. Мен алдырмадым. Сұп-сұлу дені сау қыздарды қалай алдыртып тастаймын. Ел осындай дені сау балаға да зар болып отыр. Онда ажырасайық дегенді айтып жүр. Сондықтан осы мәселеде көмек сұрап келгенмін», — деді Гүлім Ерманқызы.

Алайда оның бұл мәселені көпшілік алдында жария етуіне жолдасы қарсы болған. Маман отбасылық мәселені елмен бірге ақылдасуды жөн санамайды. Бұл ретте журналист Жылқышыбай «ерін сыйламаған әйел осындай күй кешеді» деп ойын айтты.

«Сіз бұл мәселені өзіңізден іздеңіз. Сіз азаматыңызды тыңдап отырған жоқсыз. Сіз азаматыңыздың айтқанын орындап отырған жоқсыз. Сондықтан осындай күйге жеткенсіз. Күйеуіңіз «айтпа» деген нәрсені көпке жариялап отырсыз. Неге оған тоқал алып бермеске, оның қай жерін қызғанасыз? Екі отбасын да қамтамасыз ете алатын адам болса, неге тізгінді бермейсіз. Сіздің де жасыңыз келді. Оның басқа жолы жоқ», — деді ол.

Жылқышыбай Нұрсейіт әйелімен ажыраспақ болған азаматқа да өз ойын жеткізді.

«Сіз тізгінді әйеліңізге беріп қойғансыз. О баста сіздің басыңызға мініп алған. Сол үшін сізді тыңдамайды. Сіз неліктен отбасыңызбен ажыраспай-ақ тоқал алмайсыз? Ол рұқсатын беріп тұр ғой. Не себепті тоқал алып, 4 қызыңызды бағып, екі жаққа тиімді нәрсені жасамайсыз?», — деді ол.

Ал, актриса Жұлдызай ханым ұл жоқ деп мәселе еткен Ертайдың өзін сынға алды.

«Менің әкемнің 4 қызы бар. Ұлы жоқ. Ешқашан анам екеуі ұрысып, ұл тумадың деп жекіген емес. Алланың бергеніне риза. Қыз да ұрпақ. Ұрпақсыз деп қызы да жоқ азаматты айтады. Сіз не себепті ұлды проблема қылып отырсыз. Ұл үшін ажырасу деген сылтау ғана. Өзіңізге олай көп алмаңыз», — деді ол.

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...