12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Депутаттардың біліктігін арттыруға 647 миллион теңге бөлінеді

Қазақстандағы мәслихат депутаттарына жаңа құқық беру қарастырылып жатыр. Ол үшін 647 миллион теңге бөлінеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс бірінші оқылымда «аймақтық, қалалық және ауылдық басқару деңгейінде тәуелсіздік пен жауапкершілікті кеңейту» мәселелері бойынша түзетулерді қарастырды.

Депутат Айгүл Нұркина Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевке заң жобасы мен мәслихат депутаттарының құқықтарын кеңейтетін нормалар енгізіліп жатқанын айтты.

«Енді мәслихат депутаттары бюджет қаражаты есебінен дайындықтан өту мен қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құқылы. Уәкілетті орган мәліметінше, бұл мақсатқа шамамен 647 миллион теңге бөлінеді. Сонымен қатар, заң жобасында осы норманың қалай іске асатыны көрсетілмеген. Мысалы, қалай, кім, қандай форматта, қандай жиілікпен? Бұл норма іс жүзінде қалай жүзеге асады?», — деп сұрады депутат палатаның жалпы отырысында.

Министр норма бойынша алғашқы екі жыл ішінде бес жылда бір рет оқуға болады деп жауап берді. Оқыту мемлекеттік басқару филиалдарында, 40 академиялық сағаттан өтеді деп жоспарланған.

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Әсет Ерғалиевтің жауабына көңілі толмады.

«Дайындықтан өту және қайта даярлау дегеніміз не? Қайтадан диплом бересіңдер бе? 647 миллион? Дайындықтан өту және қайта даярлау нормасын белгілеу, бұл нені білдіреді?», — деп сұрады ол.

Ерғалиев ақша біліктілікті арттыруға жұмсалатынын айтты.

«Үшінші рет сұрап тұрмын. «Дайындықтан өту және қайта даярлау» деген нені білдіреді?

«Біліктілікті арттыру» — бұл түсінікті жүйелі түрде қарау керек. Іс жүзінде не істеледі… Екі оқытушыны шақырып, біліктілігін арттырды деп санаудың қажеті жоқ. Сондықтан шартарды толығымен қайта жазып, «дайындықтан өту және қайта даярлау», дипломдар мен сертификаттар беру бойынша түсінікті жазуды сұраймыз», — деді Нығматуллин.

Мәжіліс бірінші оқылымда биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері жөніндегі заңнамалық актілердің түзетілуін мақұлдады.

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...