12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Дәрі-дәрмек шикізаты салықтан босатылуы мүмкін – ДСМ

Қазақстанда дәрі өндіруге пайдаланылатын импорттық шикізатты ҚҚС-дан босату жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі мен МӘМС жүйесі аясында сатып алынатын дәрілік препараттарды өндіруде қолданылатын импорттық субстанциялар мен шикізатты ҚҚС-дан босату жөніндегі Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, – деді министр.

Қазақстанда өндірілетін дәрілік препараттарды сатып алу көлемі 170 млрд теңгеге жеткен. Министрлік отандық өндірушілер арасында бәсекелі орта қалыптастыруды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында  дәрі-дәрмек нарығындағы тәртіпті реттеуді тапсырған болатын.

Қазақстанда несиелер кешіріліп жатқаны рас па?

Желіде несиелер кешіріліп жатыр деген ақпарат тарады. Қаржы нарығын...

Президент Цифрлық кодекске қол қойды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне қол қойды, -...

Қазақстандағы алғашқы крематорий қашан іске қосылады?

Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий жақын арада жұмысын бастайды. Бұл...

Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйел Түркиядан қайтарылды

Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйел Түркиядан...

Қолма-қол ақша алуға шектеу енгізілгені рас па?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда банк шоттарынан қолма-қол...