12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

БЖЗҚ 121 мың зейнетақы шотын жабады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) ақша салынбаған зейнетақы шоттары жабылатыны туралы ақпарат жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«БЖЗҚ» АҚ» Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы №27 қаулысымен бекітілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алу қағидалары 2021 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енгенін хабарлайды. Осыған сәйкес зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда бір ай өткен соң жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) жабылады», — делінген хабарламада.

Осылайша БЖЗҚ-да бұрын ашылған, оның ішінде адам жұмысқа тұрып, шот ашуға өтініш берген немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан, бірақ қандай да бір себептермен аударымдар жасай алмаған жағдайларда, сондай-ақ зейнетақы жинақтары болған және зейнетақы жинақтарының барлық сомасы төленіп, аударым жүзеге асырылған ЖЗШ төлем не аударым жасалғаннан кейін бір ай ішінде зейнетақы жарналары түспеген жағдайда жабылады.

«2021 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары жоқ шоттар саны шамамен 121 мың»,- делінген Қор хабарламасында.

Айта кетейік, 2019 жылдан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есепке алынатын ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғаға өтінішті рәсімдеу мақсатында БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Шот алғашқы жарна келіп түскен кезде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылып, жеке тұлғаны сәйкестендіру зейнетақы жарнасын аудару кезінде төлем тапсырмасы электрон форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асады. Ал қолданыстағы құжат пен өзге де деректер туралы барлық қажетті мәліметті БЖЗҚ мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінен алады. БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан электрон хабарлама алған күннен бастап салымшы МЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.

В КазНУ прошли академические слушания с участием депутатов Парламента

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания,...

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға...

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...