12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АЖЫРАСАТЫНДАР САНЫ 16%-ға АЗАЙДЫ

Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Қазақстанның қоғамдық даму институтымен бірлесіп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде ұлттық баяндама дайындады. Биылғы жылы бұл бағытта оң нəтижелерге қол жеткізілген. Орталық коммуникация қызметінің алаңында сөз алған Жастар жəне отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Лира Раисованың айтуынша мұндай оң көрсеткіштер мен нəтижелерді алдағы уақытта да лайықты жалғастыруға көңіл бөлінбек.

Мəселен биыл қоғамның əйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға қатысты қабылданған заңнамалық жаңашылдықтар туралы сауаты көтерілгені байқалады. Сондай-ақ құқық қорғау органдарына жүгіну жəне полицияға деген сенім артқан. Министрлік Жоғарғы Сот жəне өңірлердегі отбасылық соттармен бірлесіп «Бақытты отбасы» жобасын іске асыруда. Аталған жоба аясында ерлі-зайыптылар психологтардан, заңгерлерден, медиаторлардан жəне əлеуметтік қызметкерлерден кеңес алады. Соның нəижесінде қаралған істердің 37,5%-ы татуласумен аяқталған. Яғни, некені бұзуға тастүйін бекініп келген жұптардың 30%-дан астамының отбасын сақтап қалуға мүмкіндік туған. Жалпы, министрлік өкілдері соңғы жылдары Қазақстанда ажырасу санының 16%-ға төмендегенін де алға тартып отыр. «Əйелдердің құқықтарын қорғау жəне балалардың қауіпсіздігі туралы» заң аясында өткен жылы Отбасын қолдау орталықтары заңды мəртебе алды. Отбасын қолдау орталығының деректері мен мобильді топтардың арқасында біз тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы түрлі ақпарат көздеріне қол жеткізу мүмкіндігіне ие болдық», – деді Лира Раисова. Жыл сайын Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің «Мерейлі отбасы» байқауын өткізіп келе жатқанынан жұртшылық хабардар. Осы жылдар ішінде байқауға 20 мыңнан астам қазақстандық отбасы қатысқан. Лира Раисова Комитеттің дəстүрлі құндылықтарды, азаматтардың адамгершілік-рухани тəрбиесін БАҚ, кино, театр жəне кітап өнімдері арқылы ілгерілетуге ерекше көңіл бөлетінін айтты.

Ерлік КЕБЕКБАЙ Астана

Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйел Түркиядан қайтарылды

Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйел Түркиядан...

Қолма-қол ақша алуға шектеу енгізілгені рас па?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда банк шоттарынан қолма-қол...

Астана, Алматы: бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. "9...

2025 жылы 30 миллион доллар: Ұлттық қордың ақшасы балалардың шотына қашан аударылады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2025 жылғы "Ұлттық қор – балаларға"...

Тұман, боран, көктайғақ: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, көптеген аймақтарда тұман, қар, көктайғақ пен боран...