12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстандықтар дрон көмегімен Өзбекстанға қару өткізген

Қазақстандықтар дрон көмегімен Өзбекстанмен шекарадан қару өткізді. Онда қаруды өзбекстандық екі азамат қабылдап алуы керек болған. Олардың бірі бұрын кісі өлтіргені үшін сотталғаны анықталды. Бірақ заңсыз операция сәтсіз аяқталған. Шекарашылар дронды байқап қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Узбекистан 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Өзбекстан шекарашылары Қазақстанмен шекараға жақын жерде екі азаматты ұстады.

Сараптама қорытындысына сәйкес, дрон көмегімен Макаров тапаншасы шекарадан өткізілген. Онда алты жауынгерлік патрон болды.

Тергеуге дейінгі тексеру барысында қаруды Қазақстан азаматынан төрт мың АҚШ долларына сатып алынғаны анықталды.

Ұсталғандардың бірі 2012 жылы Өзбекстан ҚК-нің 97-бабы «Қасақана адам өлтіру» бойынша сотталған. 2019 жылы ҚК-нің 169-бабы «Ұрлық» бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге түзеу жұмыстары түріндегі жаза кесілген.

Қазіргі уақытта екі азаматқа қатысты Өзбекстан ҚК-нің 246-бабы «Контрабанда» бойынша қылмыстық тергеу жүргізіледі және бұлтартпау шарасы бойынша қамауға алынды.

В КазНУ прошли академические слушания с участием депутатов Парламента

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания,...

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға...

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...