12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматыда бірнеше ауданда су беру уақытша тоқтатылады

Алматыда — Медеу, Алмалы және Жетісу ауданында суық су беру уақытша тоқтатылады. 10 және 11 наурызда бірқатар ғимаратта, соның ішінде әлеуметтік нысандар — мектеп пен ауруханада бірнеше сағат бойы су болмайды. Су жеткізуге арнайы автоцистерналар бөлінеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 наурызда сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін Медеу ауданы Горный гигант шағынауданы аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар суық су беруден ажыратылады.

11 наурызда сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін Алмалы ауданындағы Мақатаев-Райымбек-Қожамқұлов-Сейфуллин көшелерінің шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарды сумен жабдықтау тоқтатылады. Сондай-ақ, Жетісу ауданы аумағында Райымбек-2-Гончарная-Қазыбаев-Лобанский-Ақбаев-Сейфуллин көшелерінің шаршысы.

«Суық сумен жабдықтау қызметін шектеу жаңа су құбыры желілерін қос үшін жүргізіледі. Денсаулық сақтау, білім беру нысандары және әлеуметтік саланың өзге де ғимараттарына автоцистерналармен су жеткізу ұйымдастырылады. Анықтама телефоны: 274-66-66», — деп хабарлады «Алматы су» МКК» баспасөз қызметі өкілдері.

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...