12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда 9 сыныптың барлық түлектері колледждерге тегін қабылданады

Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова жастарды техникалық және кәсіптік біліммен (ТжКБ) қамтуды кеңейтуге бағытталған жұмыстар туралы айтты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жыл сайын 9-сынып түлектерінің 30%-ы және 11-сынып түлектерінің 50%-дан астамы ақылы оқуға түседі.

«Біз ТжКБ жастарын қамтуды кеңейтуге тиіспіз. Бұл бағыттағы жұмыс 2017 жылдан бері жүргізіліп келеді. 300 мыңға жуық адам бірінші жұмысшы мамандығын тегін алды. Аудандық және қалалық әкімдіктермен бірлесіп, жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен жастарды 100 пайыз қамтуға кезең-кезеңмен өтуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс көлемін 20 мыңнан 50 мың орынға дейін арттыру ескерілген»,- деді вице-министр.

Бибігүл Асылованың сөзінше, бірінші кезекте 9-сынып түлектерін колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз ету жоспарланған.

Бұған дейін вице-министр Қазақстанда колледждерге түсу емтихандары болмайтынын хабарлады.

В КазНУ прошли академические слушания с участием депутатов Парламента

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания,...

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға...

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...