12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстан халқы саны 19 миллионға жеткені рас па?

Желіде Қазақстан халқы саны 19 миллионға жетті деген ақпарат тарады. Бұл дерекке сүйенсек, кеше елдің 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келген. Бірақ Ұлттық статистика бюросы бұл ақпарат жалған екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстан тұрғындары 19 миллионға жетті деген ақпаратты Естай Жайлыбай есімді қолданушы Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған. Кейін бұл ақпарат әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тараған.

«Сүйінші, Қазақ Елі! Тап қазір еліміздегі халық саны 19 миллионға жетті. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы халық саны және әлеуметтік департаменті, дүние жүзі және әрбір елдің халқы санын секундына дейін бақылап, арнаулы Countrymeters.info сайты арқылы жария етіп отырады. Біздің елдің осы санға жетуін таңертеңнен бері қадағалап, түсіріп алдым. 19 миллионыншы болып дүниеге келген қыз бала екен», — деп жазды желі қолданушысы.

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы 19 миллионға жетпегенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткен жоқ. Жыл басындағы дерек бойынша, Қазақстанда 18 877 128 адам болды. Қазір ақпандағы көрсеткіш есептеліп жатыр, онда да 19 миллионға жетпейді. Бұл сайтта (Countrymeters.info сайты — авт. еск.) күн сайын бүкіл мемлекеттегі халық санағы есептеледі, бірақ дұрыс болмауы да мүмкін. Ал біз ай сайын дәл қазіргі халық санын санап отырамыз», — деді бюро баспасөз қызметіндегілер.

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...