12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматылықтарға коронавирусқа қарсы вакцина қалай салынады?

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы вакцина салдыру туралы айтты. Оның сөзінше, оған Алматының барлық емханасы жұмылдырылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинация жұмыстары қатаң бақылауда екенін айтады.

«Вакцина салатын медбикелер оқудан өтті, бірақ қауіпсіз иммунизацияға қатысты тесттен тағы да өтеді. Одан бөлек, бұл жұмысқа терапевттер жұмылдырылды. Қазір ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Арнайы тізім жасап жатырмыз. Ең алдымен дәрігерлер, педагогтер мен полиция қызметкерлері вакцинацияланады. Олардың кейбіріне денсаулық жағдайына байланысты коронавирусқа қарсы вакцина салуға болмайды, мысалы аяғы ауыр әйелдерге», — деді Бекшин.

Бас санитар дәрігердің сөзінше, бүгінде тоңазытқыш ыдыстар дайын, ол коронавирусқа қарсы вакцинаны қабылдап алу үшін жеткілікті.

«Оған тек бірнеше медұйым емес, Алматының барлық емханасы жұмылдырылады», — деді Бекшин.

ЮНИСЕФ приветствует принятие Национальной программы «Дети Казахстана» (2026–2030)

ЮНИСЕФ приветствует принятие Национальной программы «Дети Казахстана» (2026–2030) —...

КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ АШУ – БҮГІНГІ ТАҢДАУДАН

Бүгін еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің...

Мемлекеттік тіл – Мәңгілік Елдің мәңгілік тілі

Мемлекеттік тіл – ұлттың бірегейлігін айқындайтын, елдің тәуелсіздігі мен...

Алқабилердің қатысуымен іс жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi....