12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматыда қашан локдаун жарияланады? Бекшин жауап берді

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қандай жағдайда қала толығымен карантинге жабылатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте қолданыстағы карантин шараларын еске салды. Демалыс күндері қоғамдық көліктің, базарлар мен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы шектелгенін айтты.

«Біз Қазақстанның бас санитар дәрігері белгілеген өлшемдерге сәйкес жұмыс істейміз. Оларды қолданамыз, күшейте аламыз, бірақ бұл шараларды жеңілдетуге болмайды. Статистика бойынша тиімділік бар. Шектеу шараларын жалғастыру қажет», — деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, ол Алматы қандай жағдайда карантинге жабылып, локдаун жариялауы мүмкін екенін айтты.

«Бүгінде бізде 3400 төсек-орын бар, олардың жүктемесі 40 пайыздан аспайды. Сонымен қатар, 7 мың резерв төсек бар, бірақ резервтер де таусылуы мүмкін. Ауруханаға тәулігіне 500 адам жатқызылса, онда бір инкубациялық кезеңде барлық төсек-орын бос болмайды деген сөз. Бұған жол беруге болмайды.

Күніне 300 науқас жатқызылса да, қала локдаунға жабылады. Шараларды уақтылы қабылдамасақ, онда, әрине, барлығын толығымен жауып, тоқтатуға тура келеді. Біздің міндетіміз — бұған жол бермеу. Әлі кеш емес», — деді ол.

В КазНУ прошли академические слушания с участием депутатов Парламента

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания,...

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға...

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...