12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тоқаев асыраушысынан айырылғандардың жәрдемақысы көбейетінін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев асыраушысынан айырылған азаматтардың жәрдемақысы 14,5 пайызға көбейетінін мәлімдеді. Мемлекет басшысы бұл туралы VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Осы орайда, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арнайы тоқталғым келеді. Елімізде осы санатқа кіретін 700 мыңнан аса адам бар. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауы оларға оңай тиіп отырған жоқ. Біз ерекше қажеттілігі бар адамдарды және олардың күтушілерін қолдау шараларын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған азаматтар назардан тыс қалмауы керек. Осы орайда, Үкіметке бұл санаттағы адамдардың жәрдемақысын орта есеппен 14,5 пайызға көбейтуді тапсырамын. Мұны биылғы 1 қыркүйектен бастап қолға алуы қажет.
Қазақстан біздің аймақтағы осындай әлеуметтік жәрдем беретін жалғыз мемлекет деуге толық негіз бар. Жалпы, әлеуметтік қолдау алдын ала және шын мәнінде мұқтаж жандарға көрсетілуге тиіс», — деді Мемлекет басшысы.

Жекеменшік мектептер неге қымбаттады: Министрлік түсініктеме берді

Ұлттық білім беру деректер қорының мәліметінше 2026 жылғы 12 қаңтардағы ақпарат бойынша Қазақстанда 890 жекеменшік мектеп бар. Онда 331 852 оқушы тіркелген.

Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін көлемі 50 млрд теңге болатын жеңілдетілген несие берілмек

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Мал...

Қазақстанда 292 мың адам АӘК алды: Қалай және кімге төленеді?

2025 жылы Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 54,4 мың отбасындағы 292,7 мың адамға тағайындалды.

ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСКЕ 173 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР: ҚАЗАҚСТАНДА 4 ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

ҚР Үкіметі мемлекеттерін қолдану фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін...