12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Полицейлер 90 жасқа жақындаған қарияның жеке куәлігін жаңартып берді

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметіне тыл және еңбек ардагері Мәдибек Базаровтың жақындары, оның жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткенін, өзі баруға мүмкіндігі жоқ екенін жеткізген. Ақпарат алысымен көші-қон қызметкерлері шұғыл түрде төсек тартып жатқан қарияның құжаттарын дайындауға кірісті.

Полиция бөлімінің Көші-қон қызметі тобының инспекторлары ардагердің үйіне барып, құжаттарын даярлау үшін тиісті шараларды атқарды.
90 жасқа жақындаған ақсақалдың құжаттарын тез арада әзірлеп, дайын бола салысымен үйіне апарып табыстады.

Осылайша жеке куәлігін үйінен шықпай-ақ әзірлеп берген тәртіп сақшыларына ардагер мен оның жұбайы алғысын білдірді. Сондай-ақ ерлі-зайыпты қариялар халықтың қандай жағдай болмасын қасынан табылатын тәртіп сақшыларына ақ батасын берді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық...

Обсуждение вместе с народом

Общественность Казахстана обсуждает проект новой Конституции. Самое активное участие...

Белгілі заңгер зиянды өтеу құқығын тікелей Конституцияда бекіту туралы ұсынысты қолдады

Конституциялық комиссияның VIII отырысында Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік...

«Конституциялық реформа — елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында диалог алаңы өтті

Бүгін елордада студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары мен белсенді жастардың...