12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА БАҒАМЫН ҚАЛАЙ ТҰРАҚТАНДЫРАМЫЗ?

Мемлекеттігі БҰҰ деңгейінде мойындалған 193 елдің 159-ның ұлттық валютасы бар. Осыған қарамастан ортақ валюталар да аз емес. Олардың ішінде ЕуроОдақтың еуросы – 27, ВСЕАО КФА франкі – 14, АҚШ доллары – 10, Алжир динары – 10, Австралия доллары – 8, Жаңа Зеландия доллары – 5, Шығыс Кариб доллары – 5 елде қолданылады. Олардың қатарына 2030 жылдан кейін Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕурАзЭО) ортақ валютасы қосылады деген әңгіменің шыққанына да оншақты жылдың жүзі боп қалды.

Ресми тұлғалар да алдымен ортақ сауда нарығын қалыптастыруымыз қажет, валюта енгізу одан кейін ғана жүзеге асатын шаруа дегенді ашық айтып жүрді. Сондықтан ХХІ ғасырдың екінші онжылдығынан бастап ЕурАзЭО-ның ортақ валютасын айналымға енгізу жұмысы 2025–2030 жылдары жүзеге асады деген кезде оған күмән келтірушілер аса көп бола қойған жоқ. Тарихқа көз жүгіртер болсақ Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері ортақ валюта енгізу мәселесі бір емес, оншақты рет көтерілгенін байқауға болады. Алайда оның бәрі Ресей тарапынан және оның ықпалымен жасалғандықтан ұйымға мүше өзге ел тұрғындары тарапынан айтарлықтай қолдау тапқан жоқ. Қайта жұртшылық арасында бұл идеяны сынап, ұлттық валютадан айырылу, тәуелсіздіктен айырылумен бірдей деп санайтындар қатары ұлғая түсті. Сондықтан, кейбір қоғам және мемлекет қайраткерлері, сяасаттанушылар мен экономика сарапшылары тарапынан ұлттық валютаның құнсыздануынан өз ақшасын әлемдік валютаға айналдыруға тырысқан АҚШ түрткі болып отыр. Оның жүргізіп отырған саясаты бүкіл дағдарыстың қайнар көзі. Бұл тығырықтан шығудың жалғыз жолы аймақтық және халықаралық деңгейдегі сауда-саттықта АҚШ долларынан бас тартып, төлем құралы ретінде оған қатысушы елдердің ортақ валюталарын айналымға енгізу қажет дегенді ашық айтып жүрді. Сол себепті экономиканың дамуын қалай тұрақтандырамыз деген сауалға жауап іздегенде АҚШ долларына тәуелділіктен құтылу үшін ұлттық валютаны құрбандыққа шалуға болады деген түсінікті қоғамға сыналап кіргізу жұмысы басталды. Тіпті, әлемдегі ең қымбат және ең тұрақты деп саналатын Кувейт динары мен Швейцария франкінің бағамы АҚШ долларының бағамына тәуелді еместігі назардан тыс қалып қойды. Сондықтан валюта бағамы ең алдымен елдегі саяси және экономикалық тұрақтылыққа байланысты дегендердің өзі 29 жылда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 4 теңгеден 570 теңгеге дейін шарықтап кету себебін дұрыс түсіндіре алмады. Оны біресе мұнай бағасының құбылмалылығымен, біресе қаржы құралдарының тапшылығымен, біресе өңдеу өнеркәсібінің дамымауымен байланыстырды. Тіпті, теңгені бір емес бірнеше мәрте құнсыздандырып, девальвация жасаған кезде де оның бағамын тұрақтандыра алмай, оны ұстап тұру үшін бюджет қаржысынан жұмсалған миллиондаған, миллиардтаған, триллиондаған қаржының есебін бере алмай, оның тиімсіз жұмсалғанын мойындауға мәжбүр болды. ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы Ораз Баймұратов теңгенің құнсыздануы оның АҚШ долларына қатысты бағамын дұрыс белгілемеуден басталды дейді. Кеңестік дәуірдің өзінде қаржылық қарым-қатынастар мен ұлттық валюталар бойынша КСРО деңгейіндегі санаулы маманның қатарында болған ғалымның айтуынша, одақтас республикалардың өз валюталары болуы қажет деген идея өткен ғасырдың ғылыми ортада ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдарында 1980 жылдардың аяқ шенінен бастап көтерілген. 1990 жылдан кейін республиканың Жоғарғы Кеңесінің сессияларында да сан мәрте айтылып, бұл жұмысты бастайтын уақыт болғаны, тіпті, одан кешігіп келе жатқанымыз ашық айтылған. Соның нәтижесінде, 1993 жылы теңге айналымға енгізілген кезде де оның өзге валюталарға қатысты бағамы ғылыми тұрғыдан толық сарапталмай, дұрыс шешім қабылданбаған. Елдің даму стратегиясын белгілеу барысында да ұзақ мерзімдік емес, қысқа кезеңдік басымдықтар назарға алынған. Сондықтан экономиканың орнықты даму жолын таңдағанда республиканың әлеуеті мен мүмкіндігі ғылыми тұрғыдан сарапталмай, экономиканың әлеуметтік сипаты назардан тыс қалып қойды. Қоғамның бай мен кедейге жіктелісі жылдам алшақтап, орта таптың қалыптасуына қажетті жағдай жасалмады. Сұраныс пен ұсыныстың арасындағы байланыс үзілген соң, өндіріс орта жолда қалып, қоғамда өндірушіден тұтынушының үлес салмағы басым боп кетті. Білім мен ғылым халықтың жағдайын жақсартуға емес, жеке адамдардың мүддесіне қызмет ете бастады. – Егер ұлттық валютаның құнсыздануын тоқтатамыз десек, сұраныс-өндіріс-ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіріп, экономиканы материалдық емес рухани байлықпен ұштастыру қажет. Өйткені, рухани тұрғыдан аш адам, әрдайым қоғамның емес, жеке бастың қамын күйттеп, өз ортасынан алшақтайды. Бұл адамның адамға деген адамгершілік қатынасын жоғалтып, ізгілік пен имандылық қасиетін жояды. Оны қалпына келтіру үшін көп нәрсе қажет емес. Тек ниет түзу болса жеткілікті. Бізге бәрін қысқа уақытта опырып-жапырып істеп тастайтын ұраншылдыққа толы науқандық істер емес, болашақты баянды етуге бағытталған ұлы мақсатқа жеткізетін тынымсыз еңбек керек. Қазір адамзат материалдық емес, рухани байлықты дамытуға көңіл бөле бастады. Біздің еліміз де исламдық үйлесімді басшылыққа алып, оның ғылыми заңдарын ескеру қажет, – дейді О. Баймұратов.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,