12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда спортшылар мен бапкерлерге өмір бойына төленетін ақы төрт есе көбейді

Қазақстанда жүлдегер спортшылар мен олардың бапкерлеріне өмір бойына ай сайын төленетін төлемақы төрт есе өсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстандық спортшыларға және Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаты жеңімпаздарының жаттықтырушыларына өмір бойына ай сайынғы қолдау мөлшері ұлғайтылды.

Бұл төлем бастапқыда 24 АЕК, яғни 76 380 теңге болып, ұзақ жылдар бойы өзгеріссіз қалған болатын. Дегенмен биыл Мәдениет және спорт министрлігінің Үкіметке ұсынысы қолдау тауып, ай сайынғы жәрдемақы мөлшері 100 АЕК – 318 мың теңгеге дейін өсті», — деді комитеттегілер.

Өзгерістер тек спортшыларға ғана емес, олардың жаттықтырушыларына да қатысты. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпиондарын тәрбиелеген жаттықтырушылар да өмір бойына алатын ай сайынғы материалдық қолдауға өтініш бере алады.

Комитет төлем алу үшін спортшылар мен жаттықтырушылардың спорт саласында 20 жылдық еңбек өтілі болуы керек екенін атап өтті.

Shymbulak тауларда қар көшкіні қаупі жоғары кезеңде қауіпсіздік ережелерін еске салды

Қар көшкіні қаупі жоғары кезеңде Shymbulak тау курорты фрирайдерлерді,...

Shymbulak напомнил о правилах безопасности в горах в лавиноопасный период

В период повышенной лавинной опасности горный курорт Shymbulak призывает...

Баланы асырап алу тәртібі

«Бала - туғандікі емес, баққандыкі» деп босқа айтылмаған болар....

Баланың тұрғылықты жерін айқындау мәселелері

         Кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін айқындау – ата-аналар...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігі

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын-алу, өсуіне...