12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

 Ұлттың болашағы — оның ана тілі

     Тіл — ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы — оның ана тілі. Тіл — халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі — оның бақыты мен тірегі.  «Сөзі жоғалған жұрттың, өзі де жоғалады» — деген халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы. Жер бетіндегі кез келген халықтың мәңгілік болып қалуы — ұлттық тілінің сақталып қалуы болып табылады.                             

       Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай мемлекеттік тіл болып- Қазақ тілі белгіленді. Осы Заңның 4 бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданалатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

     Сонымен қатар, Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тілін сақтау мен дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті деп көрсетілген.

     Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс.Мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілді қолдану әрбір қызметкердің басты міндеттері болып табылады. Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын барынша кеңейтіп, іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу мәселесі басты бақылауға қойылған. Барлық шығыс құжаттары мен мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Сот істерін мемлекеттік тілде жүргізу Конституция талабы болғандықтан, соттарда мемлекеттік тілде жазылған құжаттардың, сот актілерінің сапасына жоғарғы талап қойылуы, мемлекеттік тілдің одан әрі кеңінен қолданылуын кеңейту сот жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі .

Айбек Алина

Ақтөбе облысының кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық соты

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...