12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Полицейлер мас халдегі ер азаматтан марихуана есірткісін тәркіледі

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткімен күресуде «Қарасора 2022», жедел-профилактикалық іс-шарасын тұрақты түрде жүргізуде.

Шара барысында тәртіп сақшылары ауыл орталығында масаң халде кетіп бара жатқан азаматқа күдіктеніп, оны тоқтатты. Полиция қызметкерлері тексеру кезінде оның Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықтады. Орта жастағы ер адамды тінту кезінде оның шалбарының қалтасынан ақ қағазға оралған, есірткі затына ұқсас кептірілген өсімдік тәркіленіп алынды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде оның «кептірілген марихуана» есірткісі екендігі анықталды.
Тәртіп сақшылары ер адамның бұған дейін де осы бап бойынша сотты болғандығын анықтады. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сіз де, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Алқабилерге де жауапкершілік бар

Сотқа алқабидің міндеттерін атқару үшін дәлелсіз себептермен келмеген азаматтың...

В Астане прошло праздничное спортивное событие среди детей с РАС

в Астане прошло яркое и по-настоящему праздничное спортивное событие...

Атырау мен Маңғыстаудың 1,5 млн халқына жер астынан ауызсу тартатын құбыр салынады

Атырау және Маңғыстау облыстарында жер астынан тәулігіне 170 мың...

Мемлекеттік тіл ұлт мәртебесі

Тіл – ел тәуелсіздігінің айғағы. Қай ел мен ұлтта...