12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматы «жасыл» аймаққа өтті

Алматы «жасыл» аймаққа өтті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын есептеу көрсеткіштері қайта қаралғанын айтты.

Қазір «жасыл» аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары тұр.

«Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды. 100 мың тұрғынға шаққанда 10 күн ішінде орташа тәуліктік сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда ауруханаға жатқызылғандардың тәуліктік көрсеткішіне қайта қаралды», — деді министр ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, матрицаны жаңарту кезінде денсаулық сақтау жүйесіне түсетін ауыртпалықты ескере отырып, ағымдағы жағдайды бағалау тұрғысынан ДДСҰ ұсынымдары ескерілген — бұл жұқпалы аурулар ауруханаларында, реанимация бөлімшелерінде емделу деңгейі, халықты вакцинациямен қамту, инфекцияның таралуы және инфекцияның айналымдағы нұсқалары.

«Жасыл» аймақ: R репродуктив санына қарамастан төсек-орындарға 2 500 науқасқа дейін жатқызылған кезде; төсек-орындар 5000 науқасқа толғанға дейін және R репродуктив саны 1-ден аз болғанда.

«Сары» аймақ: төсек-орындарға 5000 науқасқа дейін толғанда және R 1-ден жоғары болса; төсек-орындарға 5000-нан 10000 науқасқа дейін жатқызылғанда және R 1-ден аз болғанда.

«Қызыл» аймақ: төсек-орындарда 5000 науқастан және R 1-ден жоғары болғанда; R-ге қарамастан 10 000-нан аса пациент жатқызылғанда.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес мемлекеттік органдар шектеу шараларын күшейту немесе әлсірету туралы шешім қабылдайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 1 257 жағдайы анықталғаны хабарланған болатын.

В области Жетысу введены в эксплуатацию новые объекты для повышения качества онкологической помощи

Сегодня в Областной многопрофильной клинике торжественно открыты новое здание...

Жетісу облысында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бүгін Облыстық көпсалалы клиникада күндізгі стационардың жаңа ғимараты және...

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Қазіргі сот жүйесінде дауларды тек қана шешіп қою емес,...

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің басты белгісі. Қай...

НОВЫЕ ТРЕБОВАНИЯ ПО НДС

В ВКО УСПЕШНО РЕАЛИЗУЕТСЯ ПРОЕКТ «БИЗНЕС И НАЛОГИ». В...