12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, сыртқы істер министрін қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақмерзімді, жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективалары, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы 30 жыл ішіндегі стратегиялық серіктестіктің деңгейіне жоғары баға беріп, Қазақстан мен Қытайдың өзара екіжақты кешенді байланыстарын нығайта беруге бейілді екенін айтты.

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің алдағы күзде елімізге жоспарланған мемлекеттік сапары екіжақты қатынастарды дамытуға тың серпін береді деп үміттенетінін жеткізді. 

«Биыл — өте маңызды жыл. Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. Қытайда коммунистік партияның ХХ съезін өткізу жоспарланған. Алдағы жоғары деңгейдегі келіссөздер біздің стратегиялық серіктестігіміздің жылнамасына ерекше оқиға ретінде жазылады», — деді Президент.

Сонымен қатар кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев қытайлық әріптесіне жүрекжарды сәлемін жолдады және ҚХР-дың төрағалығымен өтетін жоғары деңгейдегі «БРИКС плюс» онлайн-диалогына қатысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдірді. Онлайн-диалог жаңа дәуірде даму үшін жаһандық серіктестік орнату тақырыбына арналған. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасының жаһандық қауіпсіздік және даму саласындағы бастамасына қолдау білдіретінін айтты. Оның толыққанды жүзеге асырылуы әлемдік деңгейдегі қауіпсіздік пен сенімге жетпей тұрған олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі орнықты даму саласындағы мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Ван И Қасым-Жомарт Тоқаевқа Си Цзиньпиннің сәлемі мен еліміздегі жалпыұлттық референдумның табысты өтуіне байланысты құттықтауын жеткізді.

«Референдум нәтижелері мемлекетті жан-жақты жаңғырту үшін Сіздің басшылығыңызбен қабылданып жатқан шараларды ел азаматтарының барынша қолдайтынын көрсетеді. Мұның жаңа Қазақстанды құру үшін зор мәні бар, сондай-ақ елдің келешек дамуының берік негізін қалыптастырады», — деді Қытай Мемлекеттік кеңесінің мүшесі.

Қытай министрі екі ел көшбасшыларының дана басшылығының арқасында ҚХР мен Қазақстанның екіжақты қарым-қатынастары үлкен өмірлік күшке ие болатынын атап өтті.

«Төраға Си Цзиньпин Сізбен арадағы жеке достықты және өзара сенімді жоғары бағалайды. Жаңа Қазақстан құру жөніндегі бастамаңыз Сіздің даналығыңыз бен батылдығыңызды көрсетеді. Біз Сіздің бастамаларыңыздың сәтті жүзеге асырылуын толыққанды қолдаймыз», — деді Ван И.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ван И аймақтық және жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Олар халықаралық аренадағы, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы ықпалдастықты жалғастыра беруге ниетті екенін айтты.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,

Нұрайдың өліміне қатысты іс: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша жаңа дерек айтылды.

Биыл елімізде жылыжай саны 10%-ға өсті

2026 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша Қазақстан Республикасында 2 319 жылыжай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға көп.

Әлемде алтын бағасы қымбаттады. Сарапшы не дейді?

2025 жылдың соңында жаһандық алтын нарығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Алтынға деген жалпы сұраныс, биржадан тыс операцияларды қоса алғанда, 5 002 тоннаны құрады.

Жаңа Ата заңда адам құқығы қалай күшейеді?

Конституциялық реформа мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, егемендік пен тәуелсіздікті қорғауды нақты қағидаға айналдырумен қатар, биліктің алмасуын айқын әрі мызғымас тетік арқылы бекітуді көздейді.