12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жауынгердің жолы

Біз Кеңес Әскерінің қатарында шұғыл қызмет атқарған «ЕС-164/8 мекемесі» РММ қызметкерлері туралы айтқымыз келеді. Бұл жүргізуші Василий Иванович Кузьменко, асхана меңгерушісі Болат Мадиевич Садвакасов және тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Александр Владимирович Сидоров. Олар үшін бұл мереке тарихқа енбеді, бірақ дәстүр болып қалды,  әскердің күнделікті өмірі, жас сарбаздар мен жастар туралы естелік болып қалады.

23 ақпан енді мемлекеттік мереке емес екеніне қарамастан, Кеңес дәуірінде жастық шағы болған көптеген ер адамдар дәстүр бойынша бір-бірін барлық Кеңес жауынгерлерінің басты күнімен құттықтайды.

«Жас жауынгердің жолы» туралы естеліктерімен бізбен тылдық қамтамасыз ету бастығы Александр Владимирович Сидоров бөлісті.

Оның әскери жылдары Семей облысының Аягөз қаласында өтті. «Мен әскерде қызмет еткенімді мақтан тұтамын, өйткені әр жас нағыз өмір мектебінен өтеді. Кеңес Әскері ең жақсы әскерлердің бірі болды – берік және сенімді. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрқашан беделді деп санаймын. Содан кейін біздің қоғамда әскер жігіттерді тәрбиелеу тұрғысынан басты рөл атқарды. Ешкім тіпті қызмет етпеу туралы ойға да жол бермеді. Бұл әркім еш ойланбастан орындаған парызы еді.

Осы уақытқа дейін біз достарымызбен және әріптестерімізбен бір-бірімізді осы күнмен құттықтаймыз. Тағдыр бізді әлемнің түкпір-түкпіріне таратқанымен, әлеуметтік желілердің арқасында біз әрқашан жанымызда және байланыста боламыз», — деп өз ойымен бөлісті біздің әріптесіміз.

Д.Қожатаев,

Арнайы бөлімінің инспекторы

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде арнайы есеп бөлімі қызметінің қорытындысы шығарылды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекемесінде «Оралханның тәрбиелік ойлары» атты кинопоказы мен кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде...

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...