12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Утильалым төңірегіндегі дақпырт әңгімелер – Роман Скляр жіктеп берді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр утильмалымға қатысты жұртшылық арасында жүрген дақпырт әңгімелерге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық істің мән-жайын білетін өтірік сарапшылар тарататын жалған фейк бар. Олардың жаңылысып жүргендерін не болмаса біреулердің пайдасы үшін қасақана істейтіндерін білмеймін. Бірінші дақпырт – бізде автоөнеркәсіп жоқ, тек дөңгелегін саламыз. Зауыттарымызды аралап шыққан қоғам өкілдері, блогерлер өте көп болды және олар көргендеріне көңілі толды деп санаймын», деді бірінші вице-спикер «Хабар-24» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасы барысында.

Роман Скляр екінші дақпырт ретінде автоөнеркәсіптің утильалым қаражаты есебінен субсидия алып отырғандығы туралы ақпараттарды атады.

«Субсидия деп не аталады? Қарапайым ғана мысал келтірейін. Автосалонда автомобиль сатылады. Оның құны – 9 млн теңге. Автодилер 1 млн теңге утильалым төлеп, оны 10 млн теңгеге сатады. Ал отандық тауар өндірушілер, оның ішінде автоөнеркәсіп немесе ауыл шаруашылығы машинасын жасаушылар не істейді? Олар шағын торапты немесе кең торапты жиналатын машинаның жиынтығын алып келеді. Оны 9 млн теңгеге сатып алып, 1 млн теңге утильалым төлейді. Автосалонда сату барысында оған РОП-тан сол 1 млн теңгесі қайтарылып беріледі. Яғни, ақшаның формалды ағылуы жүреді. Төлем қойылды – төлем алынды. Бірақ, оны қандай да бір субсидия деп көрсетеді. Біздің автоөндірушілер кәдеге жарату алымынан босатылған»,- деді Роман Скляр.

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Микро және шағын бизнес үшін «таза парақ»

Қазақстан Республикасының Үкіметі экономиканы және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында микро...