12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Былтыр жаздағы жағдайға ұқсап барады»: Дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы коронавирус бойынша ахуал туралы баяндады

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов әкімдікте өткен брифингте елордадағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгінде қаламызда коронавирус инфекциясына байланысты жағдай тұрақсыз. Індеттің өршуі бойынша елорда әлі де «қызыл» аймақта. 14 наурыздан бастап инфекция жұқтыру 24 пайызға өсті. Егер ақпан айында тәулік ішінде орта есеппен 100 жағдай тіркелсе, 25 наурызға сәйкес бұл көрсеткіш 230-ға дейін жетіп отыр. Пандемияның өршуіндегі аурумен салыстырғанда, қазіргі жағдай былтырғы жаздағы  кезеңге ұқсас екенін көріп отырмыз», — деді Тимур Мұратов.

Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 480 адам бар, олардың жүктелуі 64%-ды құрайды.

Оның айтуынша, елордалық дәрігерлер мен барлық медициналық қызметкерлер екі есе жүктемемен жұмыс істеп жатыр. Инфекциямен күреске 3 700-ден астам медицина қызметкері тартылған, сондай-ақ қажет болған жағдайда жұмысқа тартылатын кадрлық резерв бар.

«Коронавируспен күресу үшін 11 стационар, оның ішінде 10 инфекциялық, бір карантиндік стационар «Рамада Плаза» қонақ үйі базасында орналастырылды. Алдағы уақытта үш ұйымның базасында қосымша 300 инфекциялық төсек орнын ашамыз.

Аталған стационарлар басқа аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін де қолданылады», — деді елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Бұған дейін елордалық дәрігерлер коронавируспен ауыратын науқастардың саны күн санап өсуіне байланысты тұрғындарға жүгінген еді.

В КазНУ прошли академические слушания с участием депутатов Парламента

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания,...

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға...

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...