12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

2023 жылдан бастап Қазақстан мектептерінде латын графикасы енгізіледі

Еліміздің орта білім ошақтарында 2023 жылдан бастап латын графикасы енгізілмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстанда жаңартылған білім мазмұнына көшу 100 пайыз аяқталды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңір толықтай бейнебақылау орнатылып және 99 пайызы жылы әжетханамен қамтылды. 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен 12 жылдық білім беруге көшу жоспарланып отыр. Ол үшін ауқымды жұмыс істеліну қажет. Оның ішінде мемлекеттік стандартты, оқу бағдарламасын және үлгілік оқу жоспарларын қайта жаңартуымыз тиіс. Математика, информатика және тіл пәндері басымдық беріледі. Сондай-ақ, Қазақстан тарихы мен Дүние жүзі тарихы пәні бойынша бірыңғай оқулық болады. 2023 жылдан бастап латын графикасын енгізу жоспарланып отыр», — деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр. Жиында министрліктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2021 жылға қойылған міндеттері талқылануда.

Сондай-ақ, алқа отырысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысып жатыр.

В КазНУ прошли академические слушания с участием депутатов Парламента

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания,...

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға...

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...