12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тәртіптік тәжірибе бақылауда

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметінің өкілдері үшін мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау кезінде тәртіптік жаза қолдану қағидаларының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша семинарлар өткізу тәжірибесін енгізді.

Бүгінгі семинарға Алматы қаласының мемлекеттік кірістер органдары мен көліктік бақылау инспекциясының өкілдері қатысты.

Спикермен қызметтік тергеу жүргізу тәртібі, мемлекеттік қызметшілердің елеулі, елеусіз және өрескел теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдану кезіндегі рәсімнің сақталуы, мемлекеттік қызметшілерден жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау, сондай-ақ тәртіптік комиссияның құрамын қалыптастыру және олардың отырысының нәтижелерін ресімдеу мәселелері түсіндірілді.

Семинар соңында спикер практикалық мәселелер бойынша жеке кейстерді қарастыруды ұсынды.

Мемлекеттік органдардың осындай іс-шараларды өткізуге мүдделілігін ескере отырып, Департамент осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы

В КазНУ прошли академические слушания с участием депутатов Парламента

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания,...

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға...

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...