12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ақбота Керімбековадан кешірім сұрадым — Сиви Махмуди

Сиви Махмұди Ақбота Керімбековамен қазіргі қатынасы жайлы айтты. Әнші кез келген адамның бойында пендешілігі болады деп санайды. Сондықтан қатесі үшін әріптесінен кешірім сұрағанын жасырмады.

Бұл туралы Ревю бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Сиви Махмұди Ақбота Керімбековамен қазіргі қатынасы жайлы айта кетті.

Бұған дейін Сиви Махмұди мен Ақбота Керімбекованың арасында үлкен дау болды. Керімбекова «Сивиді кәсіби әнші деп санамаймын» деген еді. Ол сөзінен кейін де бас тартқан жоқ. Ал Сиви араласып жүрген адамның аузынан мұндай сөз шыққанына ашуланды. Алайда ұрыстың себебі басқа жағдайда деп түсіндірді.

«Мен бір тойда Керімбекованың әнін айтқан едім. Керімбековадан рұқсат алдым. Бірақ әнді өзіме жазып үлгермедім. Сол кісінің әнін өз даусыммен орындадым. Бұл жерде менің кінәм болды. Ол үшін кешірім сұрадым. Осыдан соң жанжал туды. Біз даудан соң кездескен жоқпыз. Бірақ пендеміз ғой. Кездескен күнде де жауласып жүреміз деп ойламаймын. Кім ұрыспайды? Ұмытып кетерміз деп ойлаймын. Бұған жай ғана пендешілік деп қарау керек», — деді Сиви.

Сиви Махмұдидің өзі де әншілікті мамандығым деп бағаламайды. Бұл ол үшін жай ғана хобби.

«Әншілік менің мамандығым емес. Мен журналистканы бітірдім, актрисамын. Екі мамандығым бар. Ал әншілікті хоббиім десе де болады. Әншіліктен ақша табуды мақсат етпеймін. Табыс көздерім басқа жақтан келеді. Кәсіптерім бар. Жалға беретін орындарым бар», — деді әнші.

Сивидің бала күтушісі мен үй қызметкерлері бар. Үй шаруасына өзі араласа бермейді. Үш баласы өскенше үйде отырып қалған әнші енді шығармашылығына көп көңіл бөлмек.

«Мен үш баламды бірінің артынан бірін өмірге әкелдім. Үшінші қызым өмірге келгенде күйзелісте жүрдім. Енді сахнаға қайта шығамын. Қартайдым деп ойламаймын. Басқа да кәсіп түрлерін ашамын. Карантин уақытында бәрі тұралап қалды. Бәрі уақыттың еншісінде», — деді ол.

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...