12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қасым-Жомарт Тоқаев: салық саласына блокчейн енгізіледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда түрлі салаға жаңа технология енгізу туралы айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, 2021 жылы салық саласына блокчейн технологиясын енгізу басталады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Назарбаев Университеті базасында Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жасанды интеллекттің ұлттық кластері құрылып жатыр. Ақпарат көлемін тиімді өңдеуге деректер орталығы құрылады. Бес жыл ішінде бұл бағытқа 500 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз. Әрине, ЕАЭО және өңірдегі серіктестерді ат салысуға шақырамыз.

Сонымен қатар, биыл салық саласында блокчейн технологиясын енгізуді қолға аламыз. Қазақстанның салық органдары ресейлік әріптестерімен цифрландыру мәселесі бойынша қарым-қатынасты жолға қойғаны қуантады», — деді Тоқаев Digital Almaty форумында көрсеткен видеоүндеуде.

Сондай-ақ, дәрі-дәрмекті бөлудің ұлттық жүйесі енгізіледі. Барлық базалық құжат электрон форматта заңды түрде тіркеледі. Дербес деректер қорғауға алынады.

Тоқаев дамып келе жатқан сандық мүмкіндіктерді орынды қолданудың жауапкершілікті талап ететінін атап өтті.

«Сарапшылар жасанды интеллектті адамзаттың қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ететін құқықтық шеңберде дамыту туралы көп айтады. Біз өнеркәсіпті цифрландыру жұмыс күшінің едәуір бөлігін босатуға әкелетінін білеміз. Бұл күрделі және әлеуметтік маңызды процесс және оның шешімі әлі табылған жоқ. Алайда, жаңа технологиялар адамзатты өмір кеңістігінен айырмайды, керісінше жаңа бірегей мүмкіндіктер ашады деп сенемін», — деп қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елімізде ҚҚС-ке блокчейн технологияны енгізу жоспарланғанын хабарлаған болатын. Үкімет бұл жаңалық салықтан жалтару қаупін едәуір төмендетеді және қолма-қол ақша алу мәмілелерін азайтады деп күтеді.

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...