12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматыда дәрігерлер мен мұғалімдерді вакцинациялау қалай жүзеге асады?

Алматыда №4 қалалық емхананың дәрігерлері коронавирусқа қарсы вакцинацияның алғашқы кезеңі туралы айтып берді. Дәрігерлер мен мұғалімдерге ресейлік «Спутник-V» вакцинасы үш кезең бойынша салынады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір емханада 460 қызметкер жұмыс істейді. Олардың 270-іне ресейлік «Спутник-V» препаратын салу жоспарланған. Ол туралы бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова мәлімдеді.

​»Бірінші кезеңде, 1 ақпаннан бастап «Спутник-V» вакцинасын жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдем, реанимация бөлімдері, қабылдау бөлімдері, санэпидқызмет медицина қызметкерлері қабылдайды.

Екінші кезеңде, 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектеп, жоғары оқу орындары, ОАОО педагогтары, медицина қызметкерлері вакцина қабылдайды.

Үшінші кезеңде, 1 сәуірде бастап мектеп-интернат, мектепке дейінгі балаларды оқыту мекеме педагогтары, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар вакцина қабылдай алады», — деді Алтынбекова.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі QazCovid-IN коронавирусына қарсы қазақстандық вакцинаны қабылдаған еріктілерде жанама әсер пайда болғаны туралы хабарлады. Ведомство мәліметінше, еріктілерде жағымсыз реакциялар пайда болған. Бірақ әсері жылдам тарап кеткен.

QazCovid-IN вакцинасын қабылдаған еріктілерге салықты шегергенде 200 000 теңге мөлшерінде сыйақы және денсаулыққа зиян келтірген жағдайда денсаулығын сақтандыруға міндеттелген. Қазақстандық QazCovid-IN вакцинасын сынақтан өткізу кезінде ерікті қайтыс болған жағдайда 500 000 теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі.

В КазНУ прошли академические слушания с участием депутатов Парламента

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания,...

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға...

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...