12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

1 ақпаннан бастап Қазақстанда ескі банкноттар қабылданбайды

Қазақстан Ұлттық Банкін 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімі аяқталатынын еске салды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ұлттық Банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады. Осыған байланысты азаматтардан 2021 жылдың 1 ақпанына дейін көрсетілген банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшаларына айырбастап алу үшін жақын жердегі филиалға хабарласуды сұраймыз», — деді Ұлттық банк өкілдері.

Банк мәліметінше, 21 қаңтардағы жағдай бойынша банкноттарды ауыстыруға ең көп сұраныс білдіргендер Алматыда (23,6 пайыз), Нұр-Сұлтанда (9,2 пайыз) Шымкент қаласы мен Түркістан облысында (8,5 пайыз) тіркелді. Бұл ретте айырбастауға қабылданған барлық банкноттың 42,4 пайызы 10 000 теңгелік номиналға тиесілі. Одан кейін номиналы 2 000 теңгелік (30,6 пайыз) және 5 000 теңгелік (27,0 пайыз) банкноттар болды.

Абай облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздіғі барынша төмен мекемесінде сотталғандар арасында шахматтан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталғандар...

Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

Қазақстанның Азаматтық альянсы «ҰСТАНЫМ» Ұлттық пікірталас клубының «Конституция: Қазақстанның...

Область Жетысу демонстрирует устойчивые результаты в борьбе с онкологическими заболеваниями

Сегодня в городе Кокшетау состоялось выездное заседание Координационного совета...