12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында

2025 жылдың 1 қыркүйегінен 1 қарашасына дейін Тұрар Рысқұлов ауданында «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және пробация қызметінде, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды бақылауды күшейту.

Аталған іс-шара барысында пробация қызметінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып, сот үкімімен белгілі бір шектеулерге тартылған азаматтарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріп, олардың құқықтық міндеттемелерді орындауын бақылауда.

Сонымен қатар, рейдтік іс-шара кезінде азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, қайталама құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы ақпарат берілуде. Пробациядағы тұлғалардың әлеуметтік бейімделуі мен жұмысқа орналасуына байланысты кеңестер ұсынылады.

«Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы қайта қылмыс жасаудың алдын алуға, полиция мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды арттыруға, сондай-ақ ауданда қауіпсіз және тұрақты жағдай қалыптастыруға бағытталған.

Бұл іс-шара 2025 жылдың 1 қарашасына дейін жалғасып, Тұрар Рысқұлов ауданының барлық елді мекендерін қамтитын болады.

Актуальные вопросы социально-культурного развития обсудили на секции Национального курултая

В Кызылорде, в рамках V Национального курултая, состоялось заседание...

Ұлттық құрылтайдың секция отырысында әлеуметтік-мәдени дамудың өзекті мәселелері талқыланды

Қызылордада V Ұлттық құрылтай аясында «Әлеуметтік-мәдени даму» секциясының отырысы...

Заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелерін талқылау

Қазіргі қоғамның тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңдылық...

Хабарландыру

Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 27 мамырдағы №а-5/87 «Егіндікөл...

Токаев: предстоит системное переформатирование Высшего законодательного органа

✔️В Астане состоялось заседание Рабочей группы по Парламентской реформе...