12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл еліміз үшін мән-маңызы айрықша мереке екеніне тоқталды.

«Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады. Сондықтан біз осы мейрамға орай жыл сайын көк Туымызды биікке көтереміз. Бабаларымыз «Туыңды тік ұста!» деп өсиет қалдырды. Осы аманатқа адал болу – баршаға ортақ парыз. Бүгінде көк байрағымыз қастерлі Отанымыз – Қазақстанның бейбіт аспанында желбіреп тұр. Оны кейінгі ұрпаққа табыстау – қасиетті борыш», – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазір көк Туымыздың беделін бүкіл әлем мойындайды. Байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде тұр. Оны альпинистеріміз жер шарындағы ең биік шыңдарға көтерді. Спортшыларымыз талай мәрте жеңіс тұғырына шығарды.

«Биыл жауынгерлеріміз бітімгерлік миссиясын көк байрақтың астында тұңғыш рет дербес орындап келді. Азаматтарымыздың, мемлекетіміздің осындай жетістіктері Қазақстанның қуатты әрі жасампаз ел екенін көрсетеді. Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы. Елтаңбамыз, көк Туымыз бен Әнұранымыз әр азаматтың жүрегінен ерекше орын алады. Бұл – нағыз отаншылдық белгісі. Ұлт нышандары – халқымыздың болмыс-бітімінің айнасы, жарқын болашағымыздың кепілі», – деді Мемлекет басшысы.

Әлемде алтын бағасы қымбаттады. Сарапшы не дейді?

2025 жылдың соңында жаһандық алтын нарығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Алтынға деген жалпы сұраныс, биржадан тыс операцияларды қоса алғанда, 5 002 тоннаны құрады.

Жаңа Ата заңда адам құқығы қалай күшейеді?

Конституциялық реформа мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, егемендік пен тәуелсіздікті қорғауды нақты қағидаға айналдырумен қатар, биліктің алмасуын айқын әрі мызғымас тетік арқылы бекітуді көздейді.

Қазақстанда енді психологтардың арнайы тізімі жасалуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов психологиялық қызмет туралы заңның негізгі мақсатын түсіндірді.

Қазақстанда зейнеткерлерге қандай қолдау бар?

Қазақстанда зейнет жасына жеткен азаматтар тек ай сайынғы төлеммен ғана шектелмейді. Медициналық қызметтен бастап коммуналдық жеңілдіктерге, әлеуметтік қызметтер мен салықтық қолдауға дейін зейнеткерлерге арналған бірқатар мемлекеттік және жергілікті қолдау тетігі бар.

Жалақы мен өтемақы: Депутаттар жаңа өзгерістер ұсынды

Депутаттар еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасын екінші оқылымда қарады.