12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Трамптың инаугурациясы теңгеге қалай әсер етті?

Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен кейін, 21 қаңтардағы Қазақстандағы сауда-саттық барысында теңге долларға қатысты нығайды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 527,58 теңгені құрап, 2,36 теңгеге төмендеді. Ұлттық банктің 21 қаңтардағы ресми бағамы бір доллар үшін 529,99 теңге деңгейінде белгіленген.

kurs.kz мәліметтері бойынша қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағасы — 525,40 теңге болса, сату бағасы — 528,82 теңге. Астанадағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 524,40 теңгеден сатып алып, 529,65 теңгеден сатып жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Ресейде доллар бағамы алғаш рет 2024 жылдың 27 желтоқсанынан бері 100 рубльден төмен түсті. Астана уақытымен 15:41-де доллар 99,90 рубль деңгейінде саудаланды.

Дональд Трамп 20 қаңтарда ресми түрде АҚШ президенті қызметіне кірісті. Бұл жолғы инаугурация соңғы 40 жылдағы дәстүрден тыс Капитолий баспалдағында емес, ғимарат ішінде өтті.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,