spot_img
spot_img

ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ!

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің басты байлығы. Оған әр халық түрлі жолмен яғни, төңкеріс, соғыс, ұлт-азаттық соғыстар арқылы жетеді. Қазақ елі де сан ғасыр бойы тәуелсіздікке ұмтылды.

Сыртқы жаулармен соғыстардағы басты мақсат – тәуелсіздік пен азаттыққа қол жеткізу еді. Бөгенбай, Қарасай, Райымбек, Қабанбай, Бөкенбай және тағы басқа бахадүрлер осы жолда шейіт болды. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымов, Досан Тәжіұлы бастаған көтерілістер де азаттықты аңсаған елдің бұлқынысы еді. 1986 жылы 16 -18 желтоқсанда болған қозғалыс осы күрестердің заңды жалғасы болатын. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдап, республиканы тәуелсіз мемлекет жариялады. Еліміз көптен күткен еркіндігін осылай ресми түрде дәйектеді. Елімізде қазақстандықтардың лайықты әрі бақытты өмір сүруі үшін, сапалы білім, жоғары білікті медициналық көмек алуға, жұмыс істеуге, ақша табуға, бала өсіруге және олардың болашағын құруға мүмкіндік беретін ең маңызды әлеуметтік институттар құрылды. Мұның бәрі Қазақстанның бүкіл даму кезеңінде қабылданған аса маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың арқасында мүмкін болды. Олар елге заманауи шындыққа бейімделуге, жаһандық сын-қатерлерге жедел және нақты жауап беруге, проблемаларды тез шешуге және одан әрі даму қадамдарын жоспарлауға жол ашты. Тәуелсіз Қазақстан демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде қалыптасты. Көппартиялық жүйе мен қоғамдық бірлестіктердің құрылуы қоғамдық дамудың заңды құбылысына айналды. Бұқаралық ақпарат құралдары идеологиялық бақылау мен цензурадан алыстады. Қазақстан тәуелсіздігінің халықаралық кеңістікте де маңызы зор болды. Өйткені, Шығыс Еуропа мен Батыс Азияның түйіскен жерінде жаңа демократиялық мемлекет пайда болған еді. Сондықтан Қазақстанды әлемнің көптеген жетекші елдері тәуелсіз мемлекет ретінде таныды. Ең алғаш болып, әлемнің бірінші дамыған державасы саналатын АҚШ, артынша Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран мемлекеттері ресми мойындады. 1992 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының толыққанды мүшесі болды. Республика ұйымның жарғысын мүлтіксіз орындауға міндеттеме алды. Бүгінде Қазақстан – БҰҰ, ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ, АӨСШК, ЭЫҰ сынды интеграциялық құрылымдарға терең және тиімді қатысуға бағытталған стратегиялық бағытты дәйекті түрде жүргізіп келеді және осы елдермен екіжақты ынтымақтастықты дамытуда. Мәдениеттің, салт-дәстүрдің, тілдің қайта жаңғырып, дамуына, ұлттық интеллигенцияның қалыптасуына жағдай жасалды. Большевиктік билік жылдарында елден кетуге мәжбүр болған қазақтарға тарихи отанына оралуға мүмкіндік туды. «Мемлекеттің тәуелсіздігі жай ғана декларация емес. Нағыз Тәуелсіздікті құру – күнделікті тынымсыз еңбек, тексерілген және дәйекті саясат. Біз жаһандық әлемде қуатты, тәуелсіз мемлекет болған кезде ғана ұлт ретінде аман қаламыз. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» – бұл сөздер біздің ұранымызға айналуы тиіс», – дейді ел Президенті Қ. Тоқаев. Бұл сөз әр қазақстандықтың мақсаты болу керек. Бүгінде әділетті Қазақстан құру жолындағы реформалар да Тәуелсіздігіміздің баянды, тұғырлы болуының кепілі.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Мемлекет басшысы қолданыстағы Конституцияға баға беріп, Назарбаевтың үлесін де сөз етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы Конституцияның маңызы мен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесін де сөз етті.

Жұрт ChatGPT-ге жүгінеді: Тоқаев Мәдиевке отандық ЖИ-ге қатысты сұрақ қойды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке KazLLM-ге қатысты сұрақ қойды.

Үкімет: 2025 жылы Қазақстанда энергия тапшылығы 29%-ға төмендеді

Биыл 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылады. Бұл келесі жылдың бірінші тоқсанында энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды.

«Жұмыссыздық жәрдемақысы 400 мың теңге»: Қазақстанда қанша төлейді және қалай рәсімдеуге болады?

Әлеуметтік желілерде жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны рәсімдеп, ай сайын 400 000 теңгеге дейін алуға болатыны туралы жазбалар кеңінен тарауда. Осы қаншалықты рас және не істеу керек?