12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖОСПАР ЖОҚ

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің (ММС) енгізілгеніне биыл үшінші жыл. «Емдеу ісінің сапасын, қолжетімділігін әлдеқайда арттырады» деп үлкен үміт артқан бұл реформа, керісінше, сала жұмысын артқа тартып бара жатқандай. Өйткені басқаны айтпағанда, дәрігерге уақытында қаралу мұң болып қалды. Бір дәрігерге кіру үшін алдын ала жазылу қажет. Одан бөлек шектік шкаланың толып қалуы мамандарды айлап күтуге тура келтіреді. Соның кесірінен дерті жанына батқан адамдар амалсыз жекеменшік емханаларға баруға мәжбүр болады. Ал дәрігерлерге, емдеу орындарына қажеттілікті шешу үшін бюджеттен қаржы бөлініп отырған бұл ұйымдарда қызмет ақысы өте қымбат.

Денсаулық сақтау министрлігі бұған бақылау жасап, өз талабын қоя алмай отыр. Парламент Мәжілісіне келіп, Үкімет сағатын өткізген елдің бас дәрігері Ажар Ғинаят мәселелерді білгенімен, оларды шешуде қауқарсыздығын танытты. Айтуынша, құзыры шектеулі. Соның салдарынан емдеу шарасына арналған ақшаның қымбат аппаратура алуға жұмсалып кететіне, жекеменшік емханалардың қызметін тым қымбатқа ұсынатындығына еш амалы жоқ. Мұны естіген депутаттардың кейбірі қайтадан бюджеттік қаржыландыруға ауысып, оның әр тиынын бақылауға алу керек деген талап қойды. Олардың айтуынша, әлемнің бірқатар дамыған елдері осы жолда. Қазба байлықтан мол қаржы тауып отырған Қазақстан да ешкімге алақан жаймай, денсаулық сақтау ісін толықтай бюджеттен қаржыландырып, халыққа қолжетімді ете алады. Министр мұнымен келіспеді. Оның айтуынша, міндетті медициналық сақтандыру – саланы дамытудың бірден-бір мүмкіндігі. Осы жүйе енгелі шешіліп жатқан мәселе аз емес. Әрине, проблема көп. Белгілі деңгейде бұған жергілікті әкімшіліктердің, кейбір бас дәрігерлердің ұйымдастыру қабілеттері, жауапкершілікті сезіну деңгейлері де ықпалын тигізуде. Бұл факторлардың салдарын жоққа шығара алмаспыз. Десе де, саладағы түсініксіз жағдайлардың жай-жапсарын министрдің сөзінен гөрі палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің баяндамасынан тапқандай болдық. Асхат Қанатұлының айтуынша, бірінші жəне басты проблема – МƏМС-ті қаржыландыру жүйесінің теңгерімсіздігі. Бұл бастапқыда нақты жəне жан-жақты есептерге негізделген қаржыландыру үлгісінің жасалмауынан болды. Алғашқыда белгіленген басты параметрлер түбегейлі өзгеріске ұшыраған. Осының салдарынан қаражат жетіспей, қолжетімділік төмендеді. Тарифтер азайып, кредиторлық берешектер пайда болды. Сөйтіп, МƏМС идеясының беделі түсіп, тіпті осы жүйеге сенбегендіктен, біршама адам оны жоюды талап ете бастады. Бүгінгі таңда МƏМС қоры сақтандыру принциптерінің негізіндегі қор емес, жай ғана қарапайым бюджеттен тыс қорға айналды. Бұл мәселені шешу үшін бюджеттен МƏМСке төленетін жарналар, заңға сəйкес, орташа жалақы есебінен төленуі тиіс. Яғни келесі жылдың бюджетінде МƏМС-ке тағы 275 млрд теңге бөлінуі тиіс. МƏМС қорының қаражатын мемлекеттің тікелей міндеттерін орындау үшін жұмсауға тыйым салу керек. Мемлекеттен əлеуметтік санаттарға төленетін жарна ставкасы қайта қаралуы қажет. Тағы бір кемшілік – медициналық қызметтер халықтың нақты ерекшеліктерін, медициналық көмектің тұтыну көрсеткіштерін, көші-қонды толығымен есепке алмай жоспарланады. Яғни, көптеген проблема нақты жəне түсінікті əдістеме, айқын қағидаттар мен өлшемдердің жоқтығынан туындап отыр. Мәселен, министрлік медициналық қызмет мөлшерден көп көрсетілді деп ауруханалардың бюджетін азайтып, қаржыны жеткілікті бөлмеуде. Бұл олқылықты жою үшін қысқа мерзімде медициналық қызмет көлемін жоспарлау əдістемесі жасалуы керек.

Салалық республикалық əдістемелік орталық пен медициналық университеттер бір адамды емдеу үшін қажет қаражаттың нормасын әзірлеу керек. Сонда ғана ауруханаларға мемлекеттік тапсырыс дұрыс беріледі. Бұндай норматив болмайынша, емханалардағы ұзын-сонар кезек сынды проблемалар жойылмайды. Сонымен қатар МƏМС пен тегін медициналық қызмет, яғни тегін медициналық көмектің кепілдендірілген пакетіне кіретін қызмет түрлерінің ара-жігі ажыратылуы керек. Сақтандыру жүйесінде болсаң да, болмасаң да, тиісті жағдайларда тегін көрсетілетін медициналық көмектің нақты тізімі болуы тиіс. Шұғыл көмек керек болған жағдайда, барлық азаматтарымыз үшін кепілдендірілген қызмет түрлері қолжетімді болуы керек. Асхат Аймағамбетов жоғарыда айтылып кеткен емдеу ісінің қолжетімділігіне көлеңке түсіріп тұрған шектік шкалаға да арнайы тоқталып, бұл мәселеге қатысты да ұсыныстарын ортаға салды. Жалпы, шектік шкала – əр медициналық қызмет түрі бойынша əр емханаға нақты белгіленген квота тəрізді тетік екен. Бұл əдіс қаражаттың жетіспеуіне байланысты енгізіліпті. Алайда дайындықсыз қабылданған шешімнің кесірінен, мыңдаған адам уақытылы қызмет ала алмай қалды. Мысалы, шектік шкала шұғыл медициналық көмекке де тиесілі болып, ауруханалар травматологияға жедел түскен науқастарды тек қана бекітілген квотаға сəйкес алу керек. Егер бекітілген шектік шкаладан көп түссе, ауруханаларға қаражат төленбейді. Осылайша шұғыл көмек көрсетуге лимит қойылған. Асхат Қанатұлы бұл талаптың ақылға сыймайтынын, өйткені адам қолын не аяғын қашан сындырып алатынын немесе инфаркт болатынын, уланып қалатынын алдын ала болжай алмайды. Сондықтан ауруханаға келген науқасқа шектік шкала шеңберінде «осы айда ақша таусылды деп, келесі айларды күту керек» деу нонсенс! Сондықтан алдымен шектік шкаланы жетілдіріп, мекемелерге өз бюджетінің шеңберінде қаражаттарын жылжыту мүмкіндігін беру керек. Одан кейін цифрландыруды жолға қойып, тіпті шектік шкаланы алып тастау қажет. Сол секілді медициналық қызметтерге арналған тарифтер мəселесін де шешу – кезек күттірмейтін мәселе. Асхат Қанатұлы бұл орайда өсіп жатқан коммуналдық қызметтер, жанар-жағар май, дəрі-дəрмек, азық-түлік бағасының медициналық ұйымдардың шығындарына да үлкен əсер ететініне назар аудартты. Тариф арзан, қаражат жеткіліксіз болғандықтан, міндетті төлемдер емдеу шараларынан үнемдеп, дені коммуналдық қызметақыға, науқастардың тамағына жұмсалып жатыр. Осы себеппен кейбір ұйымдар онсыз да жетпей жатқан штаттарын қысқартуда. Бұл мәселені шешу үшін тарифтерді жыл сайын индекстеу туралы талапты заңнамалық деңгейде бекіту қажет. Асхат Қанатұлы МƏМС-пен қамтылмаған азаматтардың мəселесіне де айрықша тоқталды. Оның айтуынша, МƏМС жүйесінде тіркелмеген 3 миллионнан астам адамның денсаулығына қатысты проблема ушығып тұр. Бұл азаматтар сырқаты қатты асқынып кеткенде ғана шұғыл медициналық көмекке жүгіне алады. Мұны шешу бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің осы санаттағы азаматтар үшін жарналарды жергілікті əкімдіктердің есебінен төлеу туралы ұсыныстың тиімділігі бойынша күмəн бар. Сондықтан ол қайта қаралуы керек. Сонымен қатар Аймағамбетов мырза көптеген мемлекеттік жəне жекеменшік ұйымдар азаматтарға өздері қызмет ұсынудың орнына, басқа ұйымдарға беретінін, осының салдарынан бір емханаға тіркелген азаматтар қызмет түрлерін алу үшін тұтас қаланы шарлап жүруге мәжбүр болатынын өте орынды айтты. Бұл жағдайды реттеу үшін қосалқы мердігерлікке берілетін қызметтер көлеміне шек қою, оны 30 пайыздан аспайтын мөлшерде заңнамалық түрде анықтауды ұсынды. Депутат нормативтік актілердің жиі өзгеруі, кадрлардың тұрақсыздығы, цифрландырудың әлсіздігінен туындап отырған проблемаларды да ортаға салды. Оның айтуынша, бұл мәселелерді шешу үшін жүйенің нақты есептеулерге негізделген теңгерімді əрі тиімді үлгісін қалыптастыру керек.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Электросамокаттар көлікке теңестіріледі: Жаңа ереже не береді, не шектейді?

Қазақстан қалаларында электросамокатқа міну күнделікті көрініске айналды. Бірі оны кептелістен құтқаратын ыңғайлы көлік деп санаса, енді бірі жаяу жүргінші үшін қауіпті құралға айналды деп есептейді. Соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының артуы, тәртіпсіздік пен жауапсыздық қоғамда қызу талқыланып келеді.

2026 жылы табысты қалай дұрыс декларациялау керек?

2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табысты декларациялау тәртібі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Мемлекет қаржылық ашықтықты арттыру мақсатында азаматтардан табыс көздерін заңды түрде көрсетуін талап етіп отыр.

Олимпиада-2026: Жеңімпаз спортшыға қанша сыйақы беріледі

7 ақпанда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталды. Жарыстардың басталуымен бірге қазақстандық спортшылардың сәтті өнері үшін мемлекет тарапынан қарастырылған сыйақы мөлшері де белгілі болды.

Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде

Алматыда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жыл елімізде ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.