Қазақстандықтар алаяқтарға 17 миллиард теңгеден аса ақша аударған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Соңғы үш жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтық деректері бойынша 600-ден аса қылмыстық іс болған. 313 адам сотталды. Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтарға, делдалдарға және пара беруге итермелеушілерге қатысты бірқатар қылмыстық істер бар», — делінген хабарламада.
Алаяқтарға берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 17 миллиард теңгеден асады.


