12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚОРҒАУ АКТІСІ – ПРОКУРОР МЕН АДВОКАТТЫҢ МҮМКІНДІГІН ТЕҢЕСТІРЕДІ

Еліміздегі бірқатар қылмыстық заңнамадағы жұмыс істемейтін немесе сот төрелігіне кедергі келтіретін баптар алынып тасталады. Бұл шара Мемлекет басшысының былтырғы жолдауында берген тапсырмасына орай жүзеге асып отыр. Осыған орай «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы дайындалып, Парламент Мәжілісінде бұл жаңа құжаттардың тұсауы кесілді. Құжатты Әділет вице-министрі Алма Мұқанова таныстырды. Алма Қайратқызының айтуынша, басты мақсат азаматтардың құқығын қорғауды арттыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бизнес істеріне өз бетінше араласу фактілеріне және лауазымдық өкілеттікті теріс пайдаланудың өзге де нысандарына жол бермеу, азаматтарды қылмыстық процестің орбитасына барынша аз тарту, осы үрдіс кезінде шындықты анықтауға қажетті рәсімдерді оңтайландыру, қылмыс жасағаны үшін жүктелді.

Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Жобалық кеңсе және Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, сот, ғылыми және адвокаттық қоғамдастық өкілдері кірді. 2022 жылдың қазан айынан желтоқсан айының соңына дейінгі кезеңде Жобалық кеңсе Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процестік кодекстің қолданылу практикасы мен статистикалық деректерді ескере отырып, жұмыс істемейтін нормаларды, коллизияларды, олқылықтар мен сот төрелігіне кедергі келтіретін нормаларды анықтауға бағытталған баптық талдау жүргізілді. Онда заң жобасы бойына Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-процестік кодекс, Қылмыстық-атқару кодексін жетілдіру ұсынылды. Процестік келісім: кімге жеңілдік жасалады? Қылмыстық кодекстегі негізгі жаңалық – процестік келісім бойынша кінәні мойындау нысанында қылмыстық жауаптылықтан босату талабы алып тасталмақ. Қолданыстағы заңнама бойынша келісім 2 нысанда жасалады. Олар онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша – күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда – кінәні мойындау туралы мәміле және қылмыстық топ жасаған қылмыстарды, өзге де адамдар жасаған аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашуға және тергеп-тексеруге ықпал ету кезінде барлық санаттағы қылмыстар бойынша ынтымақтастық туралы келісім. Қылмыстық заң процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған адамның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін екенін белгілейді. Процестік келісім немесе «тергеумен мәміле» кезінде адам кінәні мойындайды, дәлелдемелер мен залалдың мөлшеріне дау айтпайды, тергеу мен сот жеделдетілген тәртіппен «жүреді», яғни кінәні дәлелдеу үшін мемлекеттің уақыты мен қаражатын процестік үнемдеу артады. Өз кезегінде, заң сотталушы үшін белгілі бір «жеңілдікті» қарастырады, әйтпесе процестік келісімнің мәні болмас еді. Алайда, жоғарыда аталған процестік келісімнің екі нысаны арасында түбегейлі айырмашылық бар. Егер бірінші жағдайда сотталушы тек өзінің кінәсін мойындап қана қойса, екінші жағдайда оның қылмысты одан әрі ашуға белсенді жәрдемдесуі талап етіледі. Осы екі нысанда қылмыстық іс қаралып жатқан сотталушыларды тең емес жағдайға қояды. Бұл ретте, іс жүзінде кінәні мойындау туралы мәміле міндетті түрде соттың айыптау үкімімен аяқталады және жазаның ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспайтын жаза тағайындалады. Егер сот кінәні мойындау туралы мәмілемен келіспесе, онда ол істі прокурорға әдеттегідей тергеуді ұйымдастыру үшін қайтарады. Осылайша, ҚК-нің 67-бабының ережелері іс жүзінде кінәні мойындау туралы мәмілеге қолданыла алмайды. Осыған байланысты бұл баптың қолданылу аясын ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімінің барлық шарттарын орындау жағдайымен ғана шектеу ұсынылып отыр. Айыппұл – тұрме тұрғынын кемітеді Ревизия жүргізу шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылықтар санкциясын жасалған іс-әрекетке сәйкес өзектендіруге назар аударылды. Яғни, жазаның пропорционалдығын, сондай-ақ бас бостандығынан айырудың баламасын қамтамасыз ету мақсатында кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтар, атап айтқанда, экономикалық құқық бұзушылықтар бойынша бірнеше еселенген айыппұл енгізіледі. Қазіргі уақытта ҚК-нің 189 және 190-бабы бойынша бірнеше еселенген айыппұл тек мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға қатысты қолданылады, ал қалған адамдарға қатысты қолданылмайды. Бұл ретте бірнеше еселенген айыппұлды қолдану түрме тұрғындарының қатарын өсірмейтін неғұрлым пәрменді экономикалық шара. Сонымен, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру қолданылуы мүмкін. Өз кезегінде, басқа экономикалық қылмыстар бойынша қазір АЕК-пен айыппұл қолданылады, бұл мемлекетке келтірілген залалға қатысты пропорционалды жаза емес. Бірнеше еселенген айыппұлды енгізу іс жүзінде көрсетілген мәселелерді шешуге ықпал етеді. Ал, Қылмыстық-процестік кодекстегі негізгі жаңалық қылмыстық процесс шеңберінде азаматтар құқығын қорғауды арттыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, актісі. Қазіргі уақытта сот ісін жүргізуге айыптаушы тарап толық қалыптастырған қылмыстық іс келіп түсуде, бұл өз кезегінде судьялардың іс бойынша айыптау бейімділігін қалыптастыруға ықпал етеді. Сот тараптарға өз мүддесін қорғау үшін тең мүмкіндік пен іс жүргізу белсенділігін қамтамасыз етуі керек екенін ескере отырып, қорғаушы тарапқа айыптау актісіне қарама-қарсы болатын құжат қорғау актісін сотқа енгізу құқығын беру ұсынылады. Осылайша, қорғау актісін жасау, оған қорғаушы тарап жинаған дәлелдемелерді қосу мүмкіндігі болады. Яғни, біріншіден, судьяның сотталушыға қатысты біржақты пікір қалыптастыруына кедергі жасауға, екіншіден, адвокаттың, әсіресе мемлекет тағайындайтын адвокаттың өз қорғауындағы азаматтың құқығын неғұрлым белсенді қорғауына және ынталы жұмыс істеуіне жол ашылады. Қорғау актісін енгізу мүмкіндігі прокурордың және адвокаттың сот процесінде тиісті рөлді атқару кезіндегі қарсыласу мүмкіндігін теңестіреді. Қорғау актісінде қорғау және айыптау тарабының дәлелдемелерін, кінәсіздік туралы, не кінәсіздіктің аз дәрежедегі мәлімдемелерін, айыпталушының кінәсін ақтайтын, не жеңілдететін дәлелдеме туралы, дәлелдемені жинау және бекіту кезінде тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану туралы талдау және басқа да өтініштер көрсетілуі мүмкін. Сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату институтын жетілдіру маңызды Қылмыстық-процестік кодекстегі келесі түзету азаматтарды қылмыстық процестің орбитасына барынша аз тарту кезінде шындықты анықтауға қажетті рәсімдерді оңтайландыруға бағытталған. Осы бағыт шеңберінде қылмыстық істі әдепкі электрондық форматта жүргізу көзделіп отыр. Бұл тәсіл қылмыстық істі әдепкі электрондық форматта жүргізуге мүмкіндік береді. Қазір қылмыстық процеске қатысушының пікірін ескеру қажет. Қылмыстық-атқару кодексіне енгізілмек түзетулердің негізгі жаңалығы бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды орындау тәртібін, оның ішінде пробация қызметінің жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылын жетілдіруге бағытталмақ. Бұл орайда жергілікті бюджет есебінен пробация қызметін ұстау, химиялық кастрация түріндегі мәжбүрлеп емдеу тәртібін өзгерту, пробация қызметі мен жергілікті атқарушы органның қоғамдық жұмыстарды орындауын бірлесіп ұйымдастыру процесін егжей-­тегжейлі регламенттеу сияқты шаралар қамтылды. Сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату институтын жетілдіру де осы құжаттың аясында қолға алынбақ. Бұл орайда ауырлығы аз немесе орташа қылмыс жасағаны үшін адамға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін жалпы мерзімді төмендету көзделіп отыр. Бұл шараның аясында өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қатысты пробациялық бақылаудың 10 жылдық мерзімін белгілеу, сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды белгілеу ұсынылды. Сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсарту тұрғысында бірқатар талап айқындалмақ. Атап айтқанда әлеуметтік пайдалы байланысты қолдау үшін сотталғанды ауыстыру негізін кеңейту, жазаны одан әрі өтеу үшін мекемелерге жіберу үшін тыйым салу енгізіледі. Ревизия жүргізу шеңберінде Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық процестік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу жиілігі мәселесіне де ерекше назар аударылды. Баяндамашының айтуынша, соңғы 8 жыл ішінде бұл құжаттар әрекеті әртүрлі заңмен, соның ішінде тұжырымдамасы бастапқыда оларды түзетуді көздемейтін заңдармен өзгертіліпті. Бұл заңнамалық актілердің тұрақтылығын талдау оларды тұрақсыз заңдар қатарына жатқызады. Осыған байланысты әртүрлі заң жобасы шеңберінде осы кодекстерге «шексіз» түзетулер енгізуге мүмкіндік бермейтін арнайы тетік белгілеу ұсынылады. Түзетулер қылмыстық процестегі қатысушылар мүддесін сақтауға бағытталды. Осылайша, заң жобасы азаматтар құқығын қорғауды күшейтіп, қылмыстық процесті оңтайландырады, «дебюрократизациялауды» қамтамасыз етеді деген сенім бар.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,