12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

2020 жылы сәбилерге жиі қойылған есімдер аталды

2020 жылы туған сәбилерге көбіне қандай есім қойылғаны белгілі болды. Олардың арасында бізге баяғыдан белгілі есімдер де бар болып шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2020 жылы туған ер балаларға Әлихан есімі жиі қойылған. Мұндай 4577 жағдай кездескен.

Айта кету керек, Әлихан есімі 2014 жылы да қазақстандықтардың ең сүйікті есімдерінің көшінде тұрған.

Жиі қойылған есімдердің екіншісі — Айсұлтан. 3320 ата-ана ұлына осы есімді қойған.

Ал Нұрислам есімі үшінші орында тұр. Былтыр туған 2904 балаға осы есім берілген.

Әрі қарай тізімде Әмір — 2314 адам, Алдияр — 2308, Әлинұр — 2216, Әли — 2001, Рамазан — 1948, Арсен -1830, Санжар — 1815 бала бар.

Ал қыздар арасында ең танымал есім Медина болып шықты. 5403 қызға осы есім берілген. 4855 балаға Айлин, 4588 қызға Раяна деген ат қойылған.

Сондай-ақ 2020 жылы қыздарға қойылған сүйікті есімдердің арасында Айша  — 4500 адам, Асылым — 4366, Айзере — 4293, Аяла — 4247, Айым — 3673, Томирис — 3293 және Айару деген 3252 қыз бар.

ЮНИСЕФ приветствует принятие Национальной программы «Дети Казахстана» (2026–2030)

ЮНИСЕФ приветствует принятие Национальной программы «Дети Казахстана» (2026–2030) —...

КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ АШУ – БҮГІНГІ ТАҢДАУДАН

Бүгін еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің...

Мемлекеттік тіл – Мәңгілік Елдің мәңгілік тілі

Мемлекеттік тіл – ұлттың бірегейлігін айқындайтын, елдің тәуелсіздігі мен...

Алқабилердің қатысуымен іс жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi....