Исатай Сартаев «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Исатай Бақтиярұлы Сартаев — Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды», — делінген Жарлықта.  Еске салайық, 2018 жылы қыркүйекте Мемлекет басшысының Өкімімен Сартаев Исатай Бахтиярұлы Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалған еді.  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі 2009 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Президентінің жарлығымен құрылған.