— Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) 15 наурызда Филадельфияның (АҚШ, Пенсильвания штаты) Liacouras Center аренасында кәсіби рингтегі алтыншы айқасын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта осы бокс кешінде IBF тұжырымы бойынша екінші жартылай салмақтағы әлем чемпионы Тевин Фармер (28-4-1, 6 КО) мен Джоно Кэрролл (16-0-1, 3 КО) хедлайнер болып отыр. Жеңіл салмақта әйелдер арасында әлемнің екі чемпионы — WBA және IBF титулдарының иегері Кэти Тэйлор (12-0, 5 КО) мен WBO белбеуінің иегері Роуз Воланте (14-0, 8 КО) айқасады.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Габриэль Росадо (24-11-1, 14 КО) былтыр Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасқан Мацей Сулецкимен (27-1, 11 КО) күш сынамақ. Тағы бір жұп бекітілді: Генри Ланди (29-7-1, 14 КО) — Эвери Спэрроу (9-1, 3 КО).  Сондай-ақ, қатысушылар тізімінде Джон Джо Невин (11-0, 4 КО) мен дебютант Рэймонд Форд бар.