Мен асырадіншіл де, фанат та емеспін. Бірақ, соңғы кездегі болып жатқан жағдайларға қарап ойлайм, бізді Алла жазалап жатқан шығар. Белгі беріп жатқан шығар, түзеліңдер деп, мүмкін. Кішкентай баланы зорлайтын азғындарды ауыздақтай алмаған, балапандарды солардың арам ниетінен арашалай алмаған мейірімсіз елге, халықты бір үзім нан үшін тәуліктеп жұмыс жасауға мәжбүр етіп, өздері шіміркпестен миллионды қалтаға басып, байлыққа шомылған қайырымсыз басшыларға, пайызбен ақша берудің күнә екенін біле тұра, пайызы адам шошырлық несиені ұялмай ұсынатын үкіметімізге, түйені түгімен жұтқан жемқорларымызға, әлеуметтік теңсіздік, бай мен кедейдің арасын қатты алшақтатып жіберген қоғамымызға, мейірім мен жанашырлық сезімдерінен ада болған адамдарға жіберілген жаза шығар???
Бірінен соң бірі болып жатқан қабырғаны қайыстырар қайғылы оқиғалардан кейін түрлі ойлар келед екен басыңа. Не болса да, Алла ақырын берсін. Бір-бірімізге мейірімді болайық!

Фейсбуктегі парақшасынан