AirAstana компаниясына тиесілі ұшақ Атыраудан Амстредамға бағыт алып, техникалық себептерге байланысты Минскте қонды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстандық әуекомпания баспасөз қызметінің ақпараты айтуынша, оқиға 10 ақпан күні орын алған.

Компания өкілдері Атырау-Амстердам бағытында KC903 рейсін орындаған ұшақ техникалық себептермен бүгін сағат 11.31-де Минск қаласындағы әуежайға қонуға мәжбүр болғанын айтқан.

«Ұшақ штатты режімде қонды. КС903 рейсі тоқтатылды. Жолаушылар басқа әуе компаниялармен жеткізіледі», — деді әуекомпаниясы.