Шет елде көп балалы отбасына керемет жағдай жасалған! Оны Англияда тұрып келген адам ретінде мен жақсы білемін!!! Киноға барсаң 7 жасқа дейінгі балаға тегін, ал, 7 жастан бастап 50% жеңілдік және ол ата — анасына да беріледі. Темір жол және автобуста 60 % жеңілдік бар. Одан бөлек ата-анасының жұмыс орынынан арнайы балаларға жалақысынан бөлек ақша беріледі. Сонан соң 9:00 ден басталған жұмысың 17:00 де аяқталады. Себеп, бала-шағаңа қарауың керек. Уақытыңды отбасыңмен бірге өткізуің керек! Ал, бізде ше?! Көп балалы деген құжат ренжімеңіздер КӨТ сүртуге де жарамайды! Еш қай жерде еш қандай жеңілдік жоқ! Сен көп балалысың ба, бір басыңда 5-6 кредитің бар ма, жоқ па, оныңа қарамайды қыстың көзі қырауда жұмыстан да шығара салады! Басымызда бар жағдай!!! Құдай-ау, осындай қасірет болмай тұрып елдің жағдайын жасаса несі кетеді?! Бір күндік айлықпен өлгеннен соң берілген баспана нені өзгертеді?! Тап қазір қазаққа бір-ақ нәрсе керек, ол — баспана!!! Баспанасын шешіп бер! Банктың кредит %-ын төмендет! Көп балалы деп берген куәлігіңді іске қос! Осындай дүниелер жасалуы үшін енді қанша отбасының баласы өртенуі керек?!

Фейсбуктегі парақшасынан