12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

2019 жылы ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша «Жол картасы» қабылданды, ол негізгі 9 бағыттан құралған

Жол картасының сегізінші бағытына сәйкес Қылмыстық атқару жүйесін жаңғырту көзделген, мұнда маңызды бағыттардың бірі бейнебақылау жүйесін кеңейту болып табылады.
«Жол картасын» іске асыру шеңберінде ҚР ІІМ ҚАЖК № 17 мекемесінде ҚАЖ мекемелерінде бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша сотталғандармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс кездесуіне Шығыс Қазақстан облысының мекемелерінде қылмыстық жазалардың орындалуының заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурорының орынбасары Ринат Салихов, Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы Вера Ахмадиева, ҚР ІІМ ҚАЖК № 17 мекемесінің бастығы Ринат Карыбаев және мекеме қызметкерлері қатысты.

«Бейнебақылау жүйесін енгізу ҚАЖ мекемелерінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді. Осыған байланысты біз қылмыстық атқару жүйесін жаңғырту бағытын толық қолдаймыз», — деп атап өтті мекеме бастығы Ринат Карыбаев.

«Мүлікті бүлдіргені үшін ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 99, 104 — бабының және ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының талаптарына сәйкес тәртіптік және қылмыстық сипаттағы шаралар көзделген (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) — деп толықтырды мамандандырылған прокурорының орынбасары Ринат Салихов.

ШҚО бойынша ҰААТ қатысушысы Вера Ахмадиева бас бостандығынан айыру орындарында жазаны өтеудің заңдылығы мәселесіне ерекше тоқталып, «Біз адам құқықтары бұзылған кез келген жағдайда өзара ынтымақтастыққа және көмекке дайынбыз»деп атап өтті. Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша сотталғандар жеке мәселелері бойынша қабылданды.

В Каратобинском районе ЗКО от паводка спасают около 400 человек

27 марта село Коржын Каратобинского района Западно-Казахстанской области затопило...

Жастар ресурстық орталықтарының еріктілері су тасқыны жағдайын жоюға атсалысты

Мысалы, Арқалық жастары су басуға бейім үйлерді қардан тазарту...

ТАРАПТАРДЫҢ ТАТУЛАСУЫ

Дауды шешудің ең жақсы әдістерінің бірі медиация болып табылады...