Астана қаласы  Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде бес бірдей баланың бір мезетте өрт салдарынан ажал құшуы бүкіл елді есеңгіретті. Бүгінде аза тұтқан халық қайғылы ананың есепшотына ақша аударып, өз қамқорлықтарын білдіруде. 

Осы орайда айтыскер ақын, Айнұр Тұрсынбаеваның бес баланың анасы Жанымгүл Ситердің парақшасындағы сөздеріне халықтың назарын аудартты.  «Кешегі тірідей жанып кеткен 5 періштенің анасы 9 сәуір 2018 жылы осындай жазба қалдырған екен.. Без комментариев..! 😭 Алла сабыр берсін!» дейді ақын. Өткен жылдың сәуір айында жазған жазбасында Жанымгүл «не боюсь остаться одна!!! Боюсь остаться без своих дочурок !!!»  деген сөздер жазған.

Бүгінде көп балалы ананың балаларын қараусыз қалдырып, жазаға ұшырауынан қорыққан халық оның үнемі қыздарын мақтаныш көргенін, өмірінің бар мағынасы санағанын жарыса жазуда. Расында да парақшасының бір жерінде «В жизни бывает многое,горе,печаль,потеря любимых.НО,на это всё закрываю глаза,потому что,у меня есть счастье,смысл моей жизни это-МОИ ДОЧКИ!» деген жазбаны байқауға болады.