Жаркент тұрғыны Мөлдір 15 жасында сыныптасынан зорлық көрген. Бұл туралы ол 7-арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасында айтты.

Мөлдір жаңа жыл кешінде сыныптас құрбысының үйіне барыпты. Сол үйде олар достарымен көңіл көтерген.

«Жақсы араласатынбыз, дос, сырлас болатынбыз. Кейбір сабақтарда бір-бірімізге көмектесетінбіз.

Сағат 12-де 1 бокалдан шампан іштік. Сол кеште ол сөйлесейік деп көлікке шақырды. Есімін айта алмаймын. Содан қылықтары басталды. Мүмкін 1 сағат, 2 сағат. Білмеймін, өте көп уақыт болған сияқты. Аяғына дейін күрестім. Бірақ күшім жетпеді», – дейді ол.

sn.kz