BoxingScene.com және FightClub.com.tr порталдарының шолушысы Сихат Гемичи Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақта WBA (Super) и WBC чемпионы Сауль «Канело» Альварес (51-1-2, 35 КО) осы салмақта IBF белбеуінің иегері америкалық Дэниэл Джейкобстен (35-2, 29 KO) неге басым екенін түсіндірді.

Боксшылар арасындағы чемпиондық белбеулер біріктірілетін жекпе-жек 4 мамыр, Мексиканың Синко де Майо ұлттық мерекесі күні өтеді. Бұл кездесудің жеңімпазына абсолют чемпион атану үшін америкалық Деметриус Андрадедегі (27-0, 17 КО) WBO белбеуі ғана қажет болады.

«Бұл «Канело» үшін оңай жеңіс болады. Жұдырықтасу кезінде Джейкобс оған соққы дарыта алмайтынын түсініңіздер. Джейкобс үшін жалғыз мүмкіндік — қолының ұзындығын пайдаланып, жекпе-жекті қашықтықта ұстау. Бірақ «Канеломен» олай ете алмайды. Өйткені Джейкобстың физикалық жағдайының ұшар шыңы Головкинмен жұдырықтасу кезіне келді. Қазір ол баяу және жылдам Альвареске үлгере алмайды», — деп атап өтті Гемичи.