ҚазАқпарат — Бүгін елордадағы «Нұр әлем» павильонында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі басталды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Шара басталар алдында «Жас қазақстандықтардың  жобалары» көрмесінде Қазақстан Президентіне дарынды жастарымыздың «NNaimi.kz», «Shoqan suits», «Qazaq eli», «Beyond», «Kusto Group» секілді табысты жобалары таныстырылды.