Газет редакциясына өзінің емес, өзге отандастарының тағдыры үшін көмек сұрап келген оқырманымыз, Алматы облысы Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы Гөзел Құлжабаеваның есімі бүгінде аймақ қана емес, республиканың түкпір-түкпіріндегі білім беру саласының көптеген қызметкерлеріне таныс. Үнемі қоршаған ортаны қорғау мен көгалдандырудың бел ортасында жүретін және сөзін ісімен дәлелдеп, бау-бақша өсіріп, есімі күллі қазаққа әйгілі ұлт қайраткерлерінің атында жеке саябақтардың ашылуына түрткі болып жүрген оның бұл жолғы жанайқайы әрқилы ұйымдар мен қорлардың атын жамылып, мектеп оқушыларына түрлі діни ағымдарды насихаттаушылар жөнінде екен.

«Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы таныстарымның үйінен кездейсоқ өзге сенімді насихаттайтын діни кітап пен өзге де материалдарды көріп қалдым. Бұл сендердің үйлеріңде қайдан жүр деген сауалыма үй
иесі «балаларға мектептен беріп жіберіпті ғой» деген кезде еріксіз таңғалдым. Дін мен мемлекеттің арасын ажыратып, оны заңмен бекіткен зайырлы елдің Конституциясын және «Білім беру туралы», «Қайырымдылық туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңдары мен БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы конвенциясын» былай ысырып қойып, мемлекеттік білім беру ұйымында қазақ тілінде білім алып жатқан оқушыларға жат діни ағымның насихатталуы өңім тұрмақ, түсіме де кірмеген жағдай болатын», – дейді Гөзел Құлжабаева.

Оның айтуынша, бұл оқиға Қырбалтабай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы интернатта болған. Аудан орталығы саналатын Есік қаласынан солтүстікке қарай 25 шақырым жердегі Тереңқара өзенінің бойындағы бұл елді мекенде 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3,5 мыңдай халық тұрады. Ол құрамына Ақжал, Екпінді, Қайнар, Шалқар ауылдары кіретін Қырбалтабай ауылдық округінің орталығы саналады. Ондағы мектепте барлығы 500-ге жуық оқушы білім алады. Оның 120-сы осындағы интернатта жатып оқитын, округтегі  ауылдардан келгендер. Бәрі түгел қазақ тілінде білім алатын олар 5 күн бойы оқып, сенбі-жексенбі күндері ата-анасының қасында болады. Сондықтан да, олар жаңажылдық сыйлық ретінде демеушілерден берілген орыс тіліндегі «Библия» кітабы мен өзге діни әдебиеттерін үйлеріне ала кеткен. Оны интернатта болған кезімізде оқушылар мен олардың тәрбиешісі де растады. Айтуларына қарағанда, мұндай «сыйлықты» бірінші рет алып отырған жоқ. Оны «қайырымды» адамдар бұрын да берген көрінеді.

Сосын аймақтың Білім басқармасы басшыларына хабарласу үшін баспасөз қызметінің телефонын сұрап, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалимұрат Жүкелге хабарлама жібергенбіз. «Ол жерде де баспасөз хатшысының жоқ» екенін айтқан Ғ.Жүкел мәселенің мән-жайын анықтап, хабарлауға уәде берді. Сол себепті оны Білім және ғылым министрлігі мен оның облыстық, аудандық білім басқармаларының құзырына
қалдырғанды біз де жөн көрдік.

Бұл туралы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаевқа хабарласқанымызда: «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында діни кітаптарды насихаттауға мүлде болмайды. Ал, оның біздің
ауданда болуы тіпті мүмкін емес жағдай. Кеше осы мәселе әлеуметтік желіде сөз болғаннан кейін аудандағы 85 мемлекеттік мектеп пен 1 жекеменшік гимназияға түгел мониторинг жүргізіп шықтым. Егер мұндай жағдай орын алған болса, үлкен жұмыс атқарылады. Комиссия құрылып, тексеріс жасап, анық-қанығын анықтап, мектеп басшылығына қатаң шара қолданылады. Жалпы, мұндай жағдай орын алмас үшін біз бәрін міндетті түрде бақылап отырамыз.

Мектеп директорлары күнделікті немен айналысатынын айтып отырады. Бұл директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарларына, аудандық білім бөлімдеріне де қатысты. Аудан әкімінің орынбасары ретінде өзім де, ішкі саясат тарапынан да мұның бәрі қадағалауда болады ғой», – дегенді айтты. Ал, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Әсел Маратқызының айтуынша, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп жанындағы 120 балаға арналған интернатқа 1997 жылдан бері «Қазақ-Герман-Американдық библия миссиясы» қоғамдық бірлестігі демеуші болып жүр. Олар жыл сайын Рождество күніне орай 11-қаңтар күні рұқсат сұрап, директорына хабарласып, келеді екен. Ешқандай насихаттау жұмысы жүргізілмейді, жылда келіп жүрген демеушілердің сыйлықтарын директордың өзі қабылдап алады. Биыл да директор міндетті түрде сыйлықтарды тексеріп, көрген соң мектеп меңгерушісіне оны оқушыларға таратуға рұқсатын берген. Алайда оның ішінде ешқандай «Библия» мен өзге де діни материалдар болмаған. Тек тәттілер, печеньелер, конструктор ойыншықтары мен шапка, носки, шарф және Рождество күніне орай жасалып отырғандықтан сыйлық дорбасының сыртында ұйымның логотиві болған. Сондай-ақ, интернатта «Библияны» оқитын орыс сыныбы да жоқ.

Ал редакциямызға арнайы келген «Қазақ-Герман-Американдық библия миссиясы» ҚБ президенті Алексей Лубошников мектеп-интернатқа жыл сайын Рождество алдында сыйлық беретіндерін жасырмады.
Биыл да 85 балаға сыйлық беріп қуантқан. Тек Алексей Викторұлы сыйлық қорабынан Библия
кітабының қалай шыққанын түсіндіріп бере алмады. «Қорапқа Библияның сыюы мүмкін емес» деп ақталды ол. Тіпті, бұл арандатушылардың әрекеті болуы мүмкін деген күдігін де жасырмады.

«Өз басым бұл жағдайдың тек Қырбалтабайда ғана орын алғанына сенбеймін. Олар бұл жерге тікұшақпен арнайы келмеген шығар. Егер құзырлы органдар жан-жақты тексеру жүргізетін болса, неше түрлі оқиғаның алдын алары күмәнсіз. Өйткені, интернаттың бүкіл оқушысына бір емес, бірнеше жылдан бері қазақ және орыс тілдерінде жазылған «Інжіл» кітабының еркін таратылып жатқанын мұғалімдер мен ата-аналар ғана емес, ауылдық округтің өзге тұрғындары да көріп, бір-бірінен естіп жүргені күмәнсіз. Алайда, осыған қарамастан күні бүгінге дейін бірде-бір адамның бұл жағдай қалайша орын алып отыр, неге бізге жат діни ағым насихатталады деп оған тосқауыл қоюға талаптанбауы мені қатты алаңдатады. Яғни, бұл біздің ақпараттық, мәдени, саяси және ұлттық қауіпсіздігімізге төніп тұрған қауіп-қатердің барын және оның таралуына ел тұрғындарының арасында әлі де селқос қарайтын жанның аз еместігін көрсететін жәйт», – дейді Г.Құлжабаеваның өзі. Енді ол осы жағдайға қатысты алдағы аптада арнайы баспасөз мәслихатын да өткізбекші.

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалимұрат Жүкелге хабарлама жібергенбіз. «Ол жерде де баспасөз хатшысының жоқ» екенін айтқан Ғ.Жүкел мәселенің мән-жайын анықтап, хабарлауға уәде берді. Сол себепті оны Білім және ғылым министрлігі мен оның облыстық, аудандық білім басқармаларының құзырына қалдырғанды біз де жөн көрдік. Бұл туралы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаевқа хабарласқанымызда: «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында діни кітаптарды насихаттауға мүлде болмайды. Ал, оның біздің ауданда болуы тіпті мүмкін емес жағдай. Кеше осы мәселе әлеуметтік желіде сөз болғаннан кейін аудандағы 85 мемлекеттік мектеп пен 1 жекеменшік гимназияға түгел мониторинг жүргізіп шықтым. Егер мұндай жағдай орын алған болса, үлкен жұмыс атқарылады. Комиссия құрылып, тексеріс жасап, анық-қанығын анықтап, мектеп басшылығына қатаң шара қолданылады. Жалпы, мұндай жағдай орын алмас үшін біз бәрін міндетті түрде бақылап отырамыз. Мектеп директорлары күнделікті немен айналысатынын айтып отырады. Бұл директорлардың тәрбие жөнінде