Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN телесеріктесімен келісімшартқа қол қойды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сүйенген Allboxing.ru сайтының мәліметінше, Головкин DAZN стриминг сервисімен бірнеше жекпе-жектің трансляциясына келісімшартқа қол қойған. Бұл мәліметті HBO телеарнасының испан тілді комментаторы Рикардо Селис те растап отыр.

«Канело — GGG үшінші жекпе-жегіне дайындалыңыздар. Головкин қазір ғана DAZN-мен келісімшартқа отырды. Кездесу мамырда T-Mobile Arena-да өтуі мүмкін», — деп пікір білдірді Селис.